Home » Жаңалықтар (page 5)

Жаңалықтар

Қытайлық дипломаттар ХХ ғасырдың ортасында Ы.Алтынсариннің шығармашылығын зерттеген (ФОТО)

20150512075445

ҚХР Шэньси провинциясында тұратын ірі кәсіпкер Чжан Фанның үйіндегі жеке кітапханасынан қазақ халқының белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы шығармалары бар кітап табылды. Оны 1957 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының баспасы шығарған. «Бұл кітап маған мұрагерлік жолмен Сиань шетел тілдері институтында орыс тілін оқыған әкем – Чжан Фэннен қалған. Қараңыз, мұнда оның жеке мөрі басылған. Өзім орыс тілінде сөйлемегендіктен, осы уақытқа ...

Толығырақ »

Дубайда қазақ ұлттық зергерлік бұйымдарының көрмесі өтіп жатыр

large_dsc_7408__0830279b01bbcc54dbdc1670aa62cda8

Дубайда «Ұрпақпен асыл байланыс» атты қазақ ұлттық зергерлік бұйымдарының көрмесі ашылды, деп хабарлайды “ҚазАқпарат” тілшісі. Шараны ұйымдастырушылар – «Отбасым» ұлттық құндылықтар орталығы мен Дубайдағы қазақ жерлестері ұйымының айтуларына қарағанда, көрмеде қазақтың ұлттық құндылықтарымен тереңірек танысуға болады. Ұйымдастырушылар көрме арқылы Әмірлік тұрғындарына қазақ халқы қандай болғанын және қазір қазақ мәдениетінің қалай өркендеп жатқанын көрсетуді мақсат еткен. «Ұрпақпен асыл байланыс» көрмесі мына ...

Толығырақ »

Жігіттің екі сипаты

shahanov

Кім қайратты, Кім кімге асқар тұлға, Мүмкін бе екен тағдырдан бас тартуға? Неткен ғажап Биіктен құлаған тас, Сынғанымен қалады тас қалпында. Құзар шыңда, Ойпаңда, Бұралаңда, Талайларды сын күтіп тұрады алда… Быт-шыт болып кетпей ме қам кесектер, Кіп-кішкентай жырадан құлағанда. Алуан тағдыр берілген бұл адамға, Есегінен ез жігіт құлағанда, Жұбатыңдар, Аяңдар, Өйткені оның, Құм боп кетер жігері жылағанда. Алуан тағдыр берілген ...

Толығырақ »

Елбасы қыркүйекте қытай жеңісінің 70 жылдығына қатысады

photo_16630

Кеше Елордаға ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді. Қазақстан және Қытай көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин 2015 жылғы ҚР Президентін кезектен тыс сайлаудан кейін Ақордада алғашқы кездесуін өткізеді. Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екі жақты және көпжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, соның ішінде аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың нығаюына, сауда-­экономикалық, инвестициялық, қаржы және мәдени-­гуманитарлық қарым-­қатынастың дамуына айрықша ...

Толығырақ »

Астанада «Қазақ Елi» алаңында Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад басталды

thumb_700x394_d83b13f0097dc9b3974bedf4109a813f

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күні мен Жеңістің 70 жылдығына арналған әскери парад басталды. Айта кетейік, бұл парадқа Қарулы Күштеріміздің әскери қызметшілері мен әскери техникасы рекордтық көлемде тартылған. Шеруге 4747 адам, 227 әскери техника, 70 әскери әуе техникасы және 24 шеру тобы қатысады. Әскери шеру 3 бөлімнен тұрады: жаяу шеру топтарының өтуі, механикаландырылған ...

Толығырақ »

«Мәдениетті, зиялы адам әйелінің бөксесін сипаламайды»

Adam

Бұл мақаланы әдеби талдау десе де болады. Автор Жазушы-драматург Әкім Таразидың «Тасжарған» романындағы бір отбасының жағдайын талдау арқылы отбасындағы қазақ болмысына жат қарым-қатынастардың қалай пайда болғанын қолыңа ұстатқандай анықтап тұрып көрсетеді. Күлкің келеді. Ойланасың… Қысқасы, осы алақандай мақаладан айналаңды көресің. Мүмкін… Мақала ішіндегі үзінділер аталған шығармадан алынды. Редакция *** Қатира, Матеков. Қазақы қағидада отағасының аты алдымен айтылады. «Пәленнің отбасы» дегенде ...

Толығырақ »

Астанада 2015 жылы апатты үйлерден 1558 отбасы көшіріледі

6cb1528098858f5af2fe6aa4124

Астана қаласында пилоттық жоба аясында апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары қолға алынды. Апатты жағдайдағы үйлерде тұратын отбасылар жаңа пәтермен қамтылуда. Үстіміздегі жылы 1558 отбасын жаңа пәтермен қамту көзделген. Бұл туралы  Астана қаласының ресми сайтына хабарлады. Астана қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Владимир Лютовтың хабарлауынша, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу бойынша 2013 жылдан бері жалпы ауданы 92 мың текше метрлік 1502 пәтерге есептелген ...

Толығырақ »

Қазақстанда «Qazaq Air» әуе компаниясы құрылды

9dd6b55115e5600f139ed2b9df021805

Самұрық-Қазына» ұлттық әл ауқат қоры» АҚ «Qazaq Air» АҚ еншілес компаниясының құрылғандығы туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан қор биржасының сайты. «Самұрық-Қазына» басқармасының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 02/15 шешімімен жарғылық капиталында қордың жүз пайыздық қатысуымен «Qazaq Air» АҚ құрылды. Компанияны құруға ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің келісімін алған жағдайда 2015 жылғы 30 қаңтардағы № ...

Толығырақ »

Жәркен Бөдешұлы. АРША

jer

Тарту еттің туған жер аршасын көк, Сағынышы інімнің тарқасын деп. Сол аршадан көзіме елестеді, Ауыл-аймақ, Ата-жұрт, Барша сурет… Бар болғаны бір тұтам сол аршадан, Иісі аңқиды тауымның көп аңсаған. Иісі аңқиды қып-қызыл таба нанның, Шығатұғын бұрқырап қоламтадан. Иісі аңқиды анамның, Әкемнің де, Иісі аңқиды мақалдың, мәтелдің де… Шіркін, аға, осынау көк аршаны, Жанға қуат болсын деп әкелдің бе? Иіскеймін де ...

Толығырақ »

“Сөз үш тапқа бөлінеді” немесе Алмас жыраудың әңгіме бастауы

gul

Алмас Алматов Атақты Алмас жырау. “Кіл көк мойнақ” дегендей кіл сөз іздеген айнала отырмыз. Дастархан жайылар-жайылмастан тағатсыздана әңгіме сұрадық. Енді сол әңгіменің кіріспесінің өзі қалай болғанын айтып берейін. «Е е е, бұл әңгіме деген жарықтықты айтқың да келеді, айту да керек…» деп бір қайырып, сәл тыныстап алды да сөзін жалғады. Жалпы, сөздің үш табы болады. Біріншісі – айтуға болғанмен естуге ...

Толығырақ »