Home » Мәдениет » Санасы бар адам таразылар

Санасы бар адам таразылар

Алла Тағала әйел адамды еркектің қабырғасынан жаратқан. Қабырғаның келбеті де баршаға мәлім. Түзу емес қисық жаратылған. Былай істе десең, басқаша істейтін әйел адамның әдеті. Ал осының арты неге апарады?

Арыстанша арпалысқан мына өмірде әйел деген нәзік әлем де жанталасуда.  Жанталасуы былай тұрсын, өзіне пайдасыз істерге араласуда. Танымал болудың қамын жасаған әйелдердің қатары көбейіп келеді. Көбісі ән айтып танылғанды жөн көреді. Бұрынырақ та үйде отырып наншы болып жүрген әйелдеріңіз, қазіргі таңда көпшілікке өзін көрсетіп әнші болып жүр. Ал енді әйел адамның көпшілікке өзін көрсетіп ән айтуын, танымал болуын Ата дініміз Ислам құптамайды. Солай бола тұрса да оған біз де үзілді-кесілді қарсы шыға алмаймыз. Себебі, ондай жағдаяттарға қазіргі қыз-қыз қайнаған заман тікелей қолдау білдіріп отыр. Кім ашық-шашық жүрсе, кім танымал болса, сол сүйкімді мына заманда.

Ойпырмай, көпшілікке танымал болып әуре болғанша, өз үйімнің ішінде, отбасымның гүлі болғаным жақсы дейтін әйелдер некен-саяқ. Анығында тікелей жол ашылып тұрса, танымал болудың оңай жолы табылып жатса, бәрінің де танымал болуға дәмесі бар.

Шетелде, Еуропада, мысалға Голливудта әдемі әйелдердің көбісі төсек қатынасы арқылы танымал болады. Яғни, он екіде бір гүлі ашылмаған әдемі жас қыздардың сол елдердегі атақты режиссерлар, продюсерлар пәктігінің дәмін татып, ертеңіне бір атақты фильмге түсіріп, әлемге әйгілі қылып мәз қылып жібереді. Сондай атақтың жанында арының қорланғаны түкке де тұрмай қалады. Әлемге танымал болғанына жүрегі жарылардай қуанады. Айтқан жерден аулақ. Сол ар-ұяты 90 градусқа ауытқыған шетелді айтқың да келмейді. Бірақ, өзіміз де соған ұқсап келе жатырмыз. Сонысына ет қызба боласың да.

Қазір не көп әнші қыз, әнші әйел көп. Кез-келген тойды алып қарасақ та, елге танымалы бар, жартылай танылған, танымал емес те әнші қыз-келіншектерді көп кездестіретін болдық. Асаба болып той басқарып жүрген әйелдерді де көрдік. Қазір той ұйымдастыратын продюсерлердің көбісі әнші қыздарды тойға көбірек шығарады. Елге сол сүйкімдірек болып көрінетін болар. Сол аталған қыздардың көбісі тұрмыс құрмаған. Той қуалап жүріп жастық дәуреннің қалай өткенін байқамай да қалған шығар.

Сондай әнші әйелдердің бірі менің ауылдас нағашымның қасында жүріп тойларда ән айтатын. Бірде жолым түсіп сол нағашымның студиясына бардым.  Барсам нағашым жұмыстарымен айналысып жатыр екен. Мені көре салысымен: «Жиен, келдің ба?», – деп бар ілтипатпен, жылы жүзбен қарсы алды. Жанында әлгі әйел бар. Біраздан соң жаңағы әйел жұмыстарын бітіріп, қоштасып үйіне кетті. Артынша нағашым әңгіме барысында сол әйелмен бірнеше рет төсектес болғанын айтып салды. Ондай әңгіме күтпеген менің төбемнен біреу су құйғандай болды. Қарасам жаңағы әңгімесін мақтанып, әрі шаттанып айтып отырған секілді көрінді. Ол кезде бірнеше жасқа кіші болғандықтан адамның қатесін бетіне айтатын менде батылдық жоқтұғын. «Мм» деген күйі іштен тындым. Нағашым ерте жастан отау құрған, бес-алты баланың әкесі атанған, үлкен бір шаңырақтың иесі болатын. Айтып отырған әңгімесіне қайран қалдым. Одан кейін осы тойларда ән айтатын әйелдердің бәрі осындай ма екен деген ойдың да болғаны рас. Әйтеуір продюсерінің көңілін қалдырмауға барын салатындай. Себебі, оларды көкке дейін көтеріп танымал қылатын сол продюсер емес пе?

Эстрада саласында танылып жүрген, осыдан бірнеше жыл бұрын өлім аузынан қалып тәубесіне келген бір әнші жігіт бар. Бес парыздың бірі қажылыққа да барып келді өзі. Содан айтпағымыз ол жігіттің қарындасы бар екен. Сол қарындасын өнер айдынына шығардым деп бір журналға жазыпты.

Қарындасының күйеуі мен бала-шағасы да бар көрінеді. Сол жігіт: «Қарындасымның шығармашылық жұмыстарымен өзім айналысатын боламын», – деп те айтқанын да естідік. Сондай үйлі-күйлі болған қарындасын елге танытып, ән айтқызудың не керегі бар? Не жетпейді сонда? Қарындасының күйеуі де: «Мен сенің осы қалпыңды ұнатамын» деген секілді сөздер айтып қолдау білдірген көрінеді. Әйелін қызғана білмейтін ондай еркектерден не қайыр. Әйелін қызғанып төркініне әзер жіберетін еркектер бар екен. Ал оның жанында кейбір еркектер әйелін жұрттың алдына өздері шығарып беріп жатыр. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әйелін қызғанбаған еркек жәннатқа кірмейді», – деп ескерткен.

Қазіргі кезде әнші жігіттер әнші қыздарды некелеп алатын жағдайлар көп кездеседі. Мақсаттары бас қосқаннан кейін де қосылып ән шырқау. Қазір де ерлі-зайыпты әншілердің көбейгені соның айғағы. Ығай мен сығай, тең теңімен, тезек қабымен деген осы. Әрине олар да бала сүйеді. Екеуі қосақтасып ән айтып жүргенде бала тәрбиесі жайында қалды дей беріңіз. «Бала бағамын» деп, пештің жанынан алыстай қоймайтын келіншектерді өз басым құптамаймын», – деп жазыпты бір танымал әнші әпкеміз бір газетке берген сұхбатында.

Әнші әйелдер былай тұрсын, әйел дауысты еркектердің де саны артып келе жатыр. Тіпті ән айтқанда жіңішке, майда даусымен әйелдерден өтіп кетеді. Денесінде еті аз, сүйегі майда, беті тегіс, шәңкілдеген даусы бар еркектер дәурендеп келеді. Тіпті, әйел мен еркектің арасындағы алшақтық азайып бара жатыр.

«Сопрано» деген термин бар. «Сопрано» дегеніміз (итал. сопре – жоғары, үстіңгі) – ең жоғары регистрде айтылатын әнші әйелдің даусы. 16 ғасырға дейін еуропадағы елдерде, әсіресе, ерлер қатысатын мәртебелі орындарда әйелдерге ән айтуға тыйым салынды. Сондай-ақ керісінше әйелдер ортасында ерлерге де ән айтуға болмайтын. 16 ғасырдың 2-жартысынан бастап көпшілік алдында әйелдер де ән айтуға көшті. 19 ғасырдың алғашқы жартысында әйелдер даусымен айтылатын сопрано кең қанат жайып, тыңдаушы қауымның зор сүйіспеншілігіне бөленді. Қазір қандай концерт болмасын әйел адамның қатысуынсыз өтпейді. Керек десеңіз өткен жылы «Майра» продюсерлік орталығы тек қана әйелдердің қатысуымен өткен кеш ұйымдастырды.

Жастайынан «Ән айтатын әйелге бақыт берші» деп жырлаған көпшілік табынып тыңдайтын Алла Пугачеваның бақытты ғұмыр кешкенінде күмән бар. Себебі, үйленіп ажырасып, басқа біреумен қайтадан табысып тыным таппаған тіршіліктің несі бақыт?! Шынымен өмірі өсек пен сынға толы, ақшасына, танымалдылығына қызыққан қаншама «достар» кездесті. Мүмкін соншалықты танымал болмағанда бақыттан басы айналып ғұмыр кешпесе де, тыныш өмір сүрер ме еді, кім білсін.

Негізінде шариғатымызда әйел адамның даусы әурет болып есептеледі. Әйел адамға кез келген жерде емін-еркін сөйлеуге де тыйым салынған. Ал оның жанында дауысын мың құбылтып, ырғағын нәзіктетіп ән айтқан әйелдерге не дейміз? Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да бұл жайында көптеген хадисінде айтып кеткен. Солардың біршамасы мынадай:

«Әнші әйелді тыңдау, жүзіне қарау харам. Ақшасы да харам болады. Кімнің еті хараммен қоректенсе, оған жаһаннам оты лайық болады». (Табарани)

«Раббым маған спиртті ішімдікті, құмарды, дарбуканы және ән айтатын әйелдерді харам қылды». (И. Ахмед)

«Үмметімнен кейбіреулер спиртті ішімдіктерге басқа ат қойып ішеді. Әнші әйел және сазды аспаптармен ойын-сауық құрады. Аллаһу та’ала оларды жердің түбіне батырып доңыз және маймылдарға айналдырады». (Ибн Мажә)

«Әнші және сазгер әйелдер көбейгенде, барлық жақта спиртті ішімдіктер ішілгенде жерге бату апаттары көрінеді, көктен тас жауады». (Тирмизи, Әбу Дауд, Ибн Мажә, И. Ахмед)

«Араққа өзгеше аттар қойылып ішілсе, сазды аспап және әнші әйелдер көбейсе Аллаһу та’ала оларды жерге батырады». (Ибн Мажә, Ибн Хиббан)

Кейбір ата-аналар ән айтатын қыздары клип түсіріп жатса қуанып, жақындарына жар салып жариялап жатады. Ешбір ата-ана егер де қызы клип түсіріп теледидарға шығып жатса қуанбасын, қайта жыласын дер едім. Әйел адам ән айтпаса да көңіліміз жаздағыдай. Біз енді әйел адамға ән айтуға, танылуға болмайды десек, ежелден ән айтқан, халыққа еңбегі сіңген апаларымызды да жоққа шығарған боламыз. XX ғасырдың басына дейін қазақ даласында ән айтқан әйел болмапты. ХІХ ғасырдың аяғына қарай Дина Нұрпейісова апамыз көптеген байқаулардың жеңімпазы атанып, қазақты әлемге танытқан. Ол апамыздың өзі күй тартқан болатын. ХХ ғасырда діні бөлек өзге ұлт өкілдерімен араласа бастадық. Олар да жақсысы бар, жаманы бар неше түрлі өнерді қазаққа үйретіп тастады. Содан дауысы зор деген қазақ апаларымыз ән айта бастады. Ол кезде саусақпен санарлық болса, қазір әнші әйелдер қауымын санауға ерінесің. Әйелдер домбырамен терме, дәстүрлі қазақи ән айтса немесе патриоттық әндер шырқаса бір сәрі, бірақ қазір олай емес, заман жаңарған сайын дауысын ыңылдатып, нәзік тембрмен ер адамның нәпсісін қоздыратындай деңгейде әуенге салады. Сондықтан да дініміз әйел адамға ән айтуға тыйым салған болар.

Жоғарыда айтылғандардан ой түйіп, әнші апайларымыз біржола ән айтудан бет бұрып кетпес. Ән айтқыш, көк жәшікке жиі шығатын белсенді танылғыш қыздарымыз да азая қоймас. Ал айтылғандардан нәтиже шығып жатса, нұр үстіне нұр. Дегенмен де мұның ақыры жақсы емес.

Айтпағымыз осы еді. Санасы мен ақылы бар адам таразылар.

Нұрқанат НҰРДӘУЛЕТҰЛЫ             

68 пікір

  1. Нұрқанат сенің жазғаныңа әрқашан тәнтімін. Өте тамаша мақала. Нәпсіне ұнамағандар шамданатын болар. бірақ ақихаты осы ғой

  2. Атыраудан:

    Нурканат ага!Макаланыз оте жаксы,ия шыныменде кыздарга ан айткан жараспайды,айтуын айтып жатыргой дурыс ан айтса устiндегi киемi ерсiз,оданша кыздар уйде отырганы жаксы

  3. Күлшелі бала

    Өте-өте маңызды мақала.

  4. Барлық әншілердің майл.ру әдіресіне осы макаланы жіберсе сауап болар еді. Мәселе ән айтуда емес, оның шектен шығып баратқанында.

  5. Намаз оқып,әрі ән айтып журген Алтынай Жорабаева осыны оқиды ма екен?!
    Қарындасының шыгармашылыгымен айналысып,сахнага шыгарып журген Еркін Нұржан гой.

  6. Қазақбай

    Бұл нәрсеге біздің халық дайын емес!

  7. “көктен тас жауады”. Қандай қорқынышты еді…

  8. Токтар мен Бейбiтке риза болып журушi едiм. Бiрак сонгы кезде Бейбiттiн напсiнiн ынгайына жыгылып,шаригатка тук сайкес келмейтiн ашык-шашык киiм сымактарымен шыгып кутыра бастаганын корiп, оларга деген конiлiм суып калды.Бул Токтардын немкурайдылыгы. Айтпесе айелiн кызганбаган еркек жаннатта кiрмейтiнiн бiлмей калып па?!Немесе акшаны,танымалдылыкты дiннен жогары койганы ма?!

  9. Имамдар рұқсат берген шығар.

  10. Қобда қызы

    Әйел адамға ән айтудың қаншалықты күнә екенін түсіндік.Мақалаңыз орынды.Әйелдер өлең жазса да күнә ма?

  11. Маша Алла бауырым! Алланың қалауымен қоғамдағы ең өзекті мәселені көтеріпсін. Бұл еврейлердің саясатығой: ұлдарымызды қанішер,,қыздарымызды жезөкше қылу. Алла барша мұсылмандарды жаманшылықтын сақтасын. АМИН!!!!!!!!!!!!!!

  12. Алтын Қосбармақова

    Алла насибин содан табуды буйырса – ан айту абестик емес шыгар, Айгул Косанова, Каракат Абильдина, Алтынай секлди ошагына да, отанына да жаккан айелдерден улги алуга болады гой, анши болудын жолдарына биржакты крамайыкшы, агайындар

  13. Ас. Ән айту керемет өнер ғой, бірақ оны бала тәрбиесіне, күйеуінің көңілін табуға қолданса әйел үшін тиімді болар еді.

  14. Даусы бар әйелдер Құран оқуды үйреніп, басқаларға үйретсе Алла Тағала олардың екі дүниедегі дәрежелерін көтеретін еді.

  15. Осы аншiсымак айелдер (онын iшiнде катын дауысты кызтекелер де бар) кынсылап, сынсыган унiмен жер-коктi былгап, онсыз да окыранып, тыпыршып турган жастарды азгырып, азгындатып бiттi…

    …Кунi кеше кешкiсiн “Еларнадан”, ерiккен еркек пен зерiккен ургашы жургiзетiн “Жарайсын” деген тукке жарамайтын, ар-уятка карамайтын, казакты казакка табалайтын, “сенiкi дурыс емес” десен ит кусап абалайтын, байларды жарлылардан жарып алалайтын багдарлама болды. Ургашысы кулай бастаган кос анарын жартылай корсетiп, жетiсiп отыр. Оператор онын “осы жерiн” крупный планга алып, кайта-кайта корсетедi. Мен де кордiм, сен де кордiн, ел де кордi. “Еларна” гой ойткенi, букiл ел коруi керек. Интернет беттерiнде одан да зоры бар, неменеге тан калады” дейтiн болар базбiреу. Олай болса барiмiз Бразилиянын карабет карнавалындагыдай жаланпут кошеге шыгайык. Бул интернет емес, тарбие куралы теледидар емес пе?!! Ургашынын алгi жерi бiр карасан, к…т секiлдi корiнедi, ыржандаган еркек жургiзушiнiн екi козi сол “к…тте”.
    Конакка аншi-сазгер, гитарашы Лукпан Жолдасовтын айелi мен кызын шакырыпты. Жалпы, Жолдасовтар отбасы жаксы жандар деп ойлаймын. Кызы Фарида “р” арiпiн кiшкене бузып айтатыны болмаса (ата-анасынын салгырттыгы гой, копшiлiктiн алдына шыгатын болган сон, кыз балада мiн болмаганы дурыс кой), талшыбыктай майысып отыр. Бойжетiптi, узынетек койлек киген. Жаксы-ак. Бiрак анасынын “кызым ендi ашыла бастады, бiрте-бiрте остiп ашылады гой” дегенi ынгайсыздау болды. Осы “ашыла бастады” дегеннен коркам. “Он екiде бiр гулi ашылмаган” адептi кызды “ашыла бастатып” не керегi бар. Шынайы, сыпайы, табиги калпынын озi жаксы емес пе?!!

  16. Альмуханбетов Дулат

    Өте дұрыс ұялмаган Әнши боладыдеп к қазақ атам аитқан

  17. бир жылдары Кулсары атырау тас жолында уаз автоколигимен жолаушы тасымалдадым Кай жерде журсемде намазымды каза кылмадым Еркин Нуржан Жанатбек Сабиттерди тиеп какаган кыста кешке карай Атырауга жол журип кеттим Еркин алда отыр Жай ангимеге тартып едим мени жаман шопыр деп менсининкиремеди Содан кок музда катты келе жатырган машинам тайып жанымен отыз метрдей жер журди Ержан жаны шыгып кете жаздады шынгырып артка секирип кетуге шак калды Кишкене уятты болып калды Машинанын ол тайуы бизде унеми болып турады Содан ол менимен барганша жайлап сойлесип барды

  18. Таке, машинанын алдынгы екi донгалагын котермедiнiз бе?!!

  19. Курсын не кылам Ержан да бауырымыз гой Ержан сол дауысы мен шын к-нилимен куран окыса керим болар еди

  20. Дальний фарымен кара аспанды тiлгiлеп, “иаhаhаhа…” дегiзiп, атша кiсiнетiп дегенiм гой… “Тиiспейiн, иiскейiн…” деп, андете жонелер ме едi?!!

  21. Ойыбу бауырымай адеми дауысымен жоктау айтып кетсе

    Огым жок сени атарга
    Отпейсин сени сатарга
    Дауысым кеттау жасынан
    Зам замнын дамин татарга

    деп онда не кыламын

  22. Жоктаудан кудай сактасын,
    Ешкiм де жоктау айтпасын!
    Жас баладай жубанар,
    Дальнийдiн фарын жаккасын!

    Шик-шик етiп дауысы,
    Жiнiшкерiп кетпесiн!
    Азiл айттык азырак,
    Окырман бiздi сокпесiн!

    Ананын орны отбасы,
    Ан айту оган кол емес!
    Бесiк жырын жаттасын,
    Казак ушiн сол керек!

    Азiл айттык жап-жаксы,
    Жарадын, Таке, маладес!!!

  23. Темірбек

    Нұрқанат негізі оттап кетіпсің. Шын айтам. Сен бізден кім жасай алмай жүрсің айтшы. Егер ол теріс жолға түссе әлгі әйел кінәлі. Оны теріс жолға түсірген кім? Сен солармен тартыс.

  24. әйелдер неге ән айтпау керек, айту керек

  25. дарын адам талғамайды.Бір кездерде әйелдің ақылы қысқа деген саясат талай бойында табиғат берген қасиеті бар аналарымыздың бағын байлаған.Әйел болып жаратылып елдің атын шығарған кәсіби әнші немесе Алла дарын сыйлаған әйел затын қорлау ол адамдыққа жатпайды. Не десеңіз де адамға Алла берген қасиетті әйел болып жаратылғаны үшін осылай деудің өзі күнә.Қазақ атам “өміріннің қызығын ұлдан не қыздан көретінін Алланың жазмышынан” деп.Сондықтан әйел ән айтпасын дегенге келіспеймін.Бірақ бойында дарын болмаса танымал болудын қажеті қанша. Бояма бетің сияқты,бояма дарын түбі жақсылық әкелмейді.Одан өткен қорлық бар ма? Талант түбінде тас жарады деген мен соған сенемін.Бойында намысы, ары мен адамгершілігі бар адам Қонаев сияқты ел есінде мәңгі қалатыны анық.

  26. әйелдер неге ән айтпау керек, үйде , бала шағасына айту керек

  27. Ақша табудың оңай жолы

  28. намыс сайты халықты жаксылыкка шакырады. Казахтар! сайкал жаулардын ундеине ермендер! Кешеги Жанаузен жастарынын каны осы ебреи боктарынын мойнында, Астана атын жамылган кузгын шаломнын богы!!! ебридің акшасы тамагыннан утпей калсын! Ты понял о чем я”

  29. құдайдың бар екені рас болса, о дүниеде құдай мені емес мына діншіл бұзақы СТОЛИЦА, АРА ларды жазалайды. себебі мен діннің атын жамылып бұзақы жасаған жоқпын.

    жаңаөзен оқиғасына кінәлі сыртқы күштер емес мына НӘН көкең кінәлі, сосын Наталья Соколова

  30. Столица Ускаман

    Қудай бары анык! Сендей “шаломяхтарды” о дунияда жане бу дунияда жазалайды. Себеби сендейлер билип турып касарыскандарсын… Ал” ускамалы-астанчуки” за Жанаузен вы ответите перед казахским народам…

  31. Маащаллах! Бес уакыты бола тура сахнада журген кей айелдердің де санасына жеткізілгей, иншааллах!

  32. Ән айтып, бес уакыт намазын каза кылмаған апа-карындастарыма ризамын! Алтынай Жорабаева сынды әйелдеріміз әлі де елдін түзелуіне көп үлес косады деп ойлаймын.

  33. АЛАШТЫҢ БІР БАЛАСЫ

    иә барі орынды гой пікәрлеріңіз !!! дегенімен бұл дағды өзгермейді мына заманда керісінше дами түспесе ……. “қой бүкірді көр ғана дүзейді ” демей ме ??? … ақыр заманның таяп қалғаны болар да…………!!!!!!!

  34. Қазағымның иманды ұл қыздары аман болсын! Аллах каласа бәрі өз орнына келеді. Сабыр кылайык!

  35. Әйел адам ән айтпаса да көңіліміз жаздағыдай.

  36. Оскемен Баке

    отте дурыс ойтылган макала айел ан айтсын би билесин бирак тек оз еркегинин алдында

  37. Oskemendegi Bakene

    Bake ote durys. Oryndy aitylgan!

  38. айтылган созге далел керек Астана.
    мен де айта салам, астана деген атпен пiкiр калдырып журген адамны максаты Казакстанды жезокшелер ордасына айналудыру деп

  39. мені аңдып отырасың ау деймін АРА

  40. Мигок басы мен ки-бок карнынын камын ойлап, екi бутынын арасына басын тыккан сужуректерден жаужурек аугандар жаксы. Оз елiнде огей баладай тiрi олiктiн халiн кешкеннен колга кару алып, “майданнын, отiнде олген” артык.

  41. Рамиль Жайлыбайулы

    Шыны керек намыс сайты козiмiздi карангылыктан ашатын сайт.

  42. аталған хадистерді алғаш рет кездестіріп отырмын, әрине, ондағы әнші қыздар жайлы айтылған жерлерін…

  43. Сады праведных кітабында жазылған! Күмән болса соны окы!

  44. Бір қазақ

    Мәғ менің қызым әнші болам деп коймай жүр! Мынаны оқығаным жақсы болды!

  45. КҮЙШІНІҢ ПІКІРІНЕ ЫРЗА БОЛҒАН КЫЗ!

    КҮЙШІ!!! СІЗДІҢ САЛИҚАЛЫ ОЙҒА ҚҰЛАҒАНЫМ СОНШАЛЫҚ ОЙЫМДАҒЫ ОҚЫП ЖЕТКІЗГЕНІҢІЗГЕ РИЗА БОЛДЫМ. АЩЫ АҚИҚАТТЫ АЙТУҒА НЕ ИТЕРМЕЛЕДІ?! АТЫҢЫЗ КІМ БОЛАДЫ? НЕ БОЛМАСА ЖАҚЫН АРАЛАСУЫМЫЗҒА БОЛАДЫ МА? СЕБЕБІ МАҒАН ЕРКЕК АТЫНА САЙ ЖІГІТТІҢ ОЙЫН ЕСТІГЕН БІР БАҚЫТ! С.Н САЛИҚАЛЫ ОЙҒА СЫНҒАН НЕМЕСЕ СЕЗІМНЕН ӨРТЕНЕЙІН ДЕП ЖҮРГЕН ЖЫНДЫ…:-)

  46. макаланы 7 сыныпта окитын кызыма окытамын. Кызым Салтанат. Акеси ан айтканына карсы. Дауысы жаксы дейди устаздары, мектептин атынан, ауданнын атынан ‘ Абай андерине’ катысты.минези ауыр,салмакты,сабакты уздикке окитын кызым,расында 3 ши токсанда еки паннен 4 шыкты. Мейтепте болатын шараларда ан айтып жур. Ал акеси жуз пайыз карсы.’кызым, ан айтып абырой апермейак коя сал’ деп отырады. Жаксы ..журегине ой салар макала жазыпсын Нурканат. Енди менде олен айткызбаймын.

  47. макаланы 7 сыныпта окитын кызыма окытамын. Кызым Салтанат. Акеси ан айтканына карсы. Дауысы жаксы дейди устаздары, мектептин атынан, ауданнын атынан ‘ Абай андерине’ катысты.минези ауыр,салмакты,сабакты уздикке окитын кызым,расында 3 ши токсанда еки паннен 4 шыкты. Мейтепте болатын шараларда ан айтып жур. Ал акеси жуз пайыз карсы.’кызым, ан айтып абырой апермейак коя сал’ деп отырады. Жаксы ..журегине ой салар макала жазыпсын Нурканат. Енди менде олен айткызбаймын.

  48. Ұлытаудың Найманы

    Әй, Күйші, расында да жарадын! Делебемнің бір қозғаны-ай))) “жұлдыздарды” осылай анда-санда жерге бір түсіріп қоймаса болмайды

  49. Nurkanat bauyrym, zharaysyn! Soz zhok, zhurekke tidi. Arbir soz oryndy zhazylgan makaladagy. Abay Atamyz : “Men zhazbaymyn olendi ermek ushin, Zhok-bardy ertegini termek ushin, Kokiregi sezimdi, tili oramdy, Zhazdym ulgi zhastarga bermek ushin ,”- degendey, osy zhazgan makalan kokirek kozi oyau zhaztarga ulgi bolar dep umittenem. Alla razy bolsyn.

  50. Ote Tereng oi salatyn makala! Nurkanat ainalaiyn talabyna jur jausyn, Allah razy bolsyn! Aiel, Ana, Jar retained aitarym, aitylgannyn barimen kelisemin. Jas kyzdarymyzdy kerisinshe Ana bolu, Aiel bolyp erlerinin konilinen shyguga, januyanyn kazygy boluga uiretkenimiz durys. Kazak halkynyn bolashagy osy jastarymyzdyn omirge kanda kozkaraspen karauynda. Kalai tarbie berserk solai ketedi, sondyktan barlyk halkym, urpagym deitin kozi ashyk azamattarga aitarym, urpagymyzdyn tarbiesine nemkuraily karamaiyk agaiyn!

  51. кеширерсиз бирак мен сизбен келиспеймин. Ан айткан куна болса озиниз айткан улкен апкелеримиз Д.Нурпейсова. Р.Багланова секилди аншилеримиз неге омирлерин ан айтумен откизди екен. Бизде сол апкелеримизден улги алып келемиз. Копке топырак шашпаныз. Сол соз сиздин карындасынызга не болашак немерелеринизге тип калуы гажап емес. Бирер аншини кордим деп барлык атакты айел адамдарын жозекшелер катарына тенесек куна болар.

  52. Жарайсын,куйшi

    Иа,дурыс айтасын,Куйшi. Мен де осы теледидар алдында кайын ага,ата-енемен бiрге концерт коруден калдым. Анау дауыс интерн.л тобынын кыздары шыкса,киретин тесик таппай киналам. Бiр жолы сол кыздар Е.Хасангалиевпен бирге ан айтты. Ал,киiмдерине Хасангалиевтi бiлмейм,оз басым карауга уялдым. Сахнага шыгып алып,колдарын олай -булай ербендетип,белден томенги жагын олай булай козгап,коздерин алартып,шешинип тастаудын шак алдында турган кыздардын кайсысын корсем де,конiл куйiм бузылады.

  53. КЕРЕМЕТ ЖАЗЫЛГЫН ЕКЕН…….
    СОНГЫ КЕЗДЕРІ ОСЫ БАЛАНЫН МАКАЛАЛАРЫ ЖАРЫК КОРІП ЖУР АЛЬХАМДЮЛИЛЛЯХ…..
    ЖАЙ МАКАЛА ЕМЕС, МӘНДІ, МАЗМҰНДЫ…….
    ЖАЗУ ҮРДІСІҢ ТҰРАР ШАПҚАРА, ЕРЛАН АЛТАЙ СЕКІЛДІ БАУЫРЛАРЫМЫЗДІКІНЕ ҰҚСАЙД ЕКЕН

  54. Бул макаланы естiмеппiн’бiрак пайгамбарымыз айел адамнын ан айтуына карсы болса,неге бiзде карсы болмаска.казiргi эстрада аншiлерi ашык-шашык,xx-гасырдын аншiлерi оте сыпайы едi ал казiр . . . . . .

  55. Altyn, ne narsenin kuna, ne narsenin kuna emes ekendigi Allaga malim. Ol apalarymyzdyn zholyn durys, ya burys dep nakty aita almaymyz, oitkeni olardyn nieti Kazakh khalkynyn madenietin korsetu bolsa, kazirgi anshilerdin basym kopshiliginin nieti ozin korsetu. Zhartylay zhalanash kyingen kyzdar men kyzdar siyakty boyanyp alyp, klipterinen kyzdar tuspeytin, aninin sozinde esh magynasy zhok, tek “zhanym, kunim”-ne turatyn anderdi oryndap zhurgen er balalardy Kazakhtyn madenietin oilap zhur dep aita almaymyz. Bar maksat, osyny toktatu bolyp tur. Zhane bir narse zhasarda, ana adamdar zhasagan go, men nege zhasamaymyn, olardiki durys dep birden sheshim shygarmay, taldau kerek shygar. Bar aitarym:”мусульмане не идеальны, ислам идеален. не путайте,”- degen soz zhaksy aitylgan.

  56. Altyn, ne narsenin kuna, ne narsenin kuna emes ekendigi Allaga malim. Ol apalarymyzdyn zholyn durys, ya burys dep nakty aita almaymyz, oitkeni olardyn nieti Kazakh khalkynyn madenietin korsetu bolsa, kazirgi anshilerdin basym kopshiliginin nieti ozin korsetu. Zhartylay zhalanash kyingen kyzdar men kyzdar siyakty boyanyp alyp, klipterinen kyzdar tuspeytin, aninin sozinde esh magynasy zhok, tek “zhanym, kunim”-ne turatyn anderdi oryndap zhurgen er balalardy Kazakhtyn madenietin oilap zhur dep aita almaymyz. Bar maksat, osyny toktatu bolyp tur. Zhane bir narse zhasarda, ana adamdar zhasagan go, men nege zhasamaymyn, olardiki durys dep birden sheshim shygarmay, taldau kerek shygar. Bar aitarym:”мусульмане не идеальны, ислам идеален. не путайте,”- degen soz zhaksy aitylgan.

  57. Аселхан караганды

    мен косылмаймын қазір заман ХХІ ғасыр жаңғырған заман таланты бар танылсын дамытсын олда алланың берген нығметті таланты екінің біріне дауыс бермеген гой осы қазақтар бірін-бірін коре аламй кундегенен басқа не білесіндер сендер оз аяқтарынан оздерін ғана шаласындар қараңғы қазақтар.

  58. beksultan urtaev

    Aselhan-au sen angimenin torkinin tusinwenwi ! ol sagan kore almauwilik emes kuyingennen jazip otirgoi ,kelewek kazaktin kamin oilap ! Nureke mawallah! osi aldigi kezde adaskan adamdar juldizdarga karap jol tabatin , al kazirgi julduzdarga karap adamdar adasip jur! Allah razi bolsin!

  59. ең бір азғындаған әнші,артынан миллион емес миллиардтаған адамды адастырып жүрген ең танымал әнші леди гаганы мысал етуге болады.

  60. Алланың құлы

    Сахнадағы сан еркектің көзінің құрты болып, бұлғаңдаған бөксесімен,тасырайған төсімен әкесіндей,атасындай адамдарға жаман ой салуға себепкер болып жүргендерді не деп жақтап отырсындар Ислам әйелге күйеуінің алдында ғана әдеміленуге бұйырған.Олай болса, “намаз оқимын”деп алып нәпсісін тыя алмай сахнаға шығып жүрген әншілер түк те үлгі емес. Тіпті елге бұрыннан тигізіп жүрген зияндары аздай, енді Алла жолында жүріп арын сақтап жүрген қыздарға зиянын тигізуге айналды. Кейбір иманды қыздарымыздың шешелері “ана Қарақатты, Алтынайды қарашы әнін де айтады, намазын да оқиды” деп, шайтанның жылтыратқанына қызығып,көзсіз көбелектерді үлгі қылып өз қызын өзі отқа итереді дінсіздерҚандай кері кетушілік!.Ешбір әнші әйел ешкімге ешқашан жақсы жағынан үлгі бола алмайды. Ал Алланың бұйрығы жөнінде абайлап сөйлесін. Шариғат оларға ойыншық емес. Ұлы Алла ешкімнің намаз оқығанына мұқтаж емес.

  61. АЛЛАНЫҢ ҚҰЛЫ, қатты айтты, бірақ иншАллаһ ақиқатты айтты

  62. КАРИМОВА КАРИНА

    Алла сактасын!!!!!!!!!!

  63. назар аудар!!!

    не болыпты не кыздар ан аитса не болады екен аитса аисын кудаи билед мна блогкта откан бари еркектер кыздардын аскактап дамып бара жатканын коре алмаи жатсындар аитпесе не кереги журтын неститининде алдымен оздеринди жетистирип андар казак кыздары олен аитпаса биз баска елдер сиакты калаи дамыимыз казир жиырма биринши гасыр ондаи заманда ешкм ешкмге багынбаит

  64. олен айтпай да канша айел адамдарымыз терис жолда жургенин билсекте соз таластырып тайталасамыз неге????

  65. НАТАША

  66. АЙТАРГА СӨЗ ЖОК ӘН АЙТАТЫН ӘЙЕЛДІҢ САХНАСЫ БАСКА ӘНШІНІ АҢСАП ТҰРАДЫ

  67. Байғұс балалар ай, әбден надан болып болған екенсіңдер. Жақсы ән айтса несі айып, Сады праведных деген хадистер жинағында әлгі сөздер жоқ. Өтірік хадис ойлап тапқан адам тозаққа барады.

  68. Бәсе сақал қойған вақабшылар әйелдерін не үшін,орынсыз қызғана береді деп жүрсем,олар сол әйелін жөнсіз қызғана берсем жұмаққа барам деп дәмеленеді екен ғой.Негізі сол жөнсіз қатынын қызғанатын ақымақтар тозақта қалатынын неге түсінбейді екен.Әйелді қызғанудың жөні осындай екен деп шырылдатып сабай беру,нағыз надан топастық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.


− 8 = 1

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>