Home » Білгенге маржан » Нығметті арзанға айырбастауға болмайды

Нығметті арзанға айырбастауға болмайды

Бірде таныс ағайдың үйіне қонаққа бардық. Сол ағамыздың араласатын намазхан достары да бірге болды. Ол кісілер саудамен айналысады екен. Үйінің қасынан азық-түлік дүкенін ашыпты. Онда арақ-шарап сатпайды екен. Әңгіме барысында әлгі адамдар: «Саудамыз жемісті болмай жатыр, тұтынушылар көбінесе арақ сұрайды, арақтан басқасын ал десек, арақ  бар жерден барлық керек заттарды аламыз деп шығып кетеді» деді. Қысқасы, «ішімдік сата берсек бола ма?» деп сауал тастады.

Сонымен мен былай деп әңгіме бастап кеттім.   Сауда адал кәсіп, себебі Алла Тағала Құранда айтады: «Негізінде Алла сауданы халал, өсімді харам еткен»Бақара» сүресі, 275-аят).  Бұрын  Кеңес Одағы кезінде сауданы алыпсатарлық деп мемлекеттік деңгейде жаман қылып түсіндіруге тырысты. Бірақ заман өте келе сауда жақсы болып, шықты. Өйткені шариғат адал деген кәсіп өзінің таза екенін әруақытта дәлелдейді. Елбасымыздың:  «саясат күнде өзгереді, ал дін болса мәңгілік» деген сөзі қандай дана айтылған. Ислам тарихында көптеген сахабалар р.ә., табиғиндер және бірқатар дін ғалымдары саудамен айналысқан. Бірақ ол замандағы саудагерлер сауданының жемісіне емес, оның шарттары мен әдептерінің дұрыс орындалуына, адалдығы мен әділдігінің бұзылмауына аса қатты көңіл бөлген.

Сауданы өнер үйренгендей үйреніп, іс барысында шариғаттың шегінен шықпай, адамдармен қарым-қатынаста  Алла разылығына жетуге тырысқан. Себебі тақуалық сауданы қулықпен жасап, артынан Құдай үшін садақа беру емес, керісінше сол сауданы жасағанда шариғатты ескеру. Бірде (Абу Һурайрадан келген) Пайғамбарымыз с.ә.с. базарда сатылып тұрған құрғақ  бидайдың астыңғы жағына қолын сұғып көріп, астының дымқылдау екенін байқаған. Пайғамбарымыз с.ә.с.айтты: «Ей, мына  бидайдың иесі! Бұл неге (ылғал)»деді. Ол айтты: « Иә Алланың елшісі ол жаңбырдың астында қалып еді! » (Пайғамбарымыз с.ә.с.) айтты: «Неге сен адамдар білу үшін су жерінен үстіне сеуіп қоймадың. Кім ғиш жасаса (сауда жасағанда қулық істеу), ол менен аулақ » деді. Муслим (102\ 164).

Шариғат ғылымында сауда мәселелері бүк-шігіне дейін талқыланған. Осының барлығы пенденің қамы. Адамның саудасы адал болса, жемісі табысты, соңы берекелі болады. Ал пенденің саудасында зұлымдық (алдау,арбау,ұрлық,зорлық,өсім т.б.) көп болса, сауданың басы табысты болғанымен, соңы берекесіз болуы әбден мүмкін. Нәтижесінде уақыттан ұтыласыз.

Ал, арақ – харам, яғни Алла Тағала тарапынан тиым салынған сусын. Оны ішуші де, сатушы да, жасаушы да, жарнамалаушы да, құюшы да, т.б. лағынеттелген. Әрине шариғат ішімдік сатылатын дүкеннің бүкіл табысы харам демейді, себебі ол дүкенде арақтан басқа нан, май, сүт т.б. сатылады, яғни аралас. Бірақ  арақ сатқан адамға күнә жазылады, әрі ішімдік сауданың берекесін кетіреді. Жалпы кез келген ғылымда, өнерде, спортта немесе кәсіпте, сол сияқты саудамен айналысуда да жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін адам баласына табындылық танытумен, төзімділік көрсету, ептілік және ынта қажет. Адам баласының осындай тырысып еңбек жасауында жіберген уақытын Жаратушы Алла Тағала еш зая кетірмейді.

Кейбір кезде адамның еңбегін оның досы немесе жанұясы, туысқандары немесе қоғамы тиісті дәрежеде бағаламауы мүмкін. Ал Құдіретті Алла Тағала кез келген уақытта пендесінің адал еңбегінің жемісін сездіреді. Құранда айтады: «Күдіксіз Алла жақсылық істеушілердің еңбегін зая қылмайды» («Юсып» сүресі,90-аят). Сауданың табысы мен жемісі – қандай да бір харам затқа байланып тұрған жоқ, ол ұзақ уақыт бойы пенденің ептілігі мен табандылығының, төзімділігі мен сабырлылығының нәтижесінде пайда болады. Себебі Алла Тағала сауданы жаратты және адам баласын оған үйретті, содан кейін оның жемісін сездіруші. Сауданы жақсы үйрену, пысық болу бұл адамның жақсы бір сипаты, ал, ризықтың көбеюі ол Алладан. Дұға, әрекет, көркем сабыр керек.

Адам баласына берілген сансыз нығметтерді ең үлкені – иман (діни сенім). Кімге осы нығмет берілген болса, қадірін білу қажет. Намазхан адам қымбат нәрсені арзанға айырбастамауы керек. Дүнием көбеймей жатыр деп иманға қиянат жасауға болмайды. Себебі одан тек өзің ұтыласың. Кезінде Мұса пайғамбардың халқына Алла Тағала көктен тамақ түсірген еді. Бұл дегеніміз біріншіден – мұғжиза, екіншіден – тамақ, үшіншіден – ғибадат, төртіншіден – Алла Тағаламен байланыстың көркем бір түрі еді.

Бірақ өкінішке орай Мұса пайғамбардың қауымы өздерінің тексіздігін көрсетіп, біз бұдан жалықтық, оданда бізге Құдайдан сарымсақ пияз, адас т.б. сұрап бер деген. Сонда Мұса пайғамбар еліне:  «сендер қымбат нәрсені арзан дүниеге айырбастайсыңдар ма?» деп қатты қапаланған. Рухани жетістіктерді бағалай білу керек, себебі пенденің Алла  Тағала алдындағы құны сонымен өлшенеді. Құдайдың алдында  біздің жиған-тергеніміздің ешқандай мәні жоқ. Адам баласына діни сенім келгеннен кейін, баяғы діннен бейхабар кезін аңсап, харамға жұғысуы жөн емес, керісінше Алла нәсіп еткен иманына лайық болуы шарт.

Таукен Айтбаев

5 пікір

  1. жамбыл тарази

    алла тағала құран кәрімде ” кім алладан қорқып тақуа болса оған ойламаған жерден ризық береді” дейді. арақ болмаса сауда болмайды деп кім айтты? қой егіз туса шөптің басы айыр шығады дейді атам қазақ. ризықсыз пенде жоқ. оның барлығы бос сөз. тақуалықты арттырып, тек аллаға ғана тәуекел ету керек, алладан саудама береке бере көр деп жалынып дұға жасау керек. сонда алла тағала дұғаны қабыл етіп саудасына береке береді.

  2. Ислам діні қандай көркем!, мұсылмандар қандай бейқам!..

  3. Ақиқат қашан да біреу. Сол себепті Хақ жолдан адаспай болмашы құны жоқ дүниеге, тек Аллаһ тарапынан берілетін нығметке айырбастамаған жөн.

  4. Жасулан Кемелов(

    Ассаламуалейкум уа рахматуллахи уа баракатух. Ия Ислам діні не деген ғажап дін десеңші,Аллахтың өзінің құлына деген махаббаты осы Ислам дінінен Пайғамбар (сааллаху алейхи уассалам) сүннетінен, байқауға толықтай негіз бар.Қәзіргі кезде адамдардың харамға қарай бет бұруы ол Аллахтан алыс болуынан,Құдіретті Хақ Тағаланы дұрыс танымауынан,Аллахтан қорқу аз болғандықтан,Пайғамбар Мұхаммедтің(сааллаху алейхи уассалам) өмірбаянынан таныс болмауынан,сүнеттіне мән бермеуінен және Аллаху тағаланың Мұхаммед (сааллаху алейхи уассалам) пайғамбары арқылы берген тәрбиесіне бағынбауынан және т.б да ұлы құныдылықтарды дұрыс пайдалана алмауының кесірінен туындап отыр.Егер адам баласы өзінің жаңа дүниеге баласын қалай отқа тастағысы келмесе Аллаху Тағала да өзінің Аса Даналығымен жаратқан адам баласының тозаққа кетуін қаламайды.Өйткені Раббымыз Аса Қамқор Ерекше Мейірімді.Және Аллаху Тағала адам баласына қолынан келмейтін нәрсені мойнына жүктемеген.Бұған дәлеліміз Аллаху Тағаланың 99 көркем ғажап есімдерінің Әл-Ғаділ (Әділ) есімі дәлел болмақ..Жалпы айтқанда кез келген адам баласы және де басқа жаратылыстардың ойлағанындай кемшілік атаулыдан пәк. Сондықтан да Аллаху Тағаланын бұйырған нәрсесін істеп,тиым салған нәрсесінен тиылсақ ғана барша жаратылыстың қол жетпейтін шыңы жоқ.Ал бұл үкімдерге қарсы амал істесек онда жаратылыс ойлаған қауіп қатерден аса үлкен қауіп қатердеміз.Әмірге бой ұсынбай Аллаху Тағаланын жалпы жаратылысқа берген нығметін жоғалтып алмайық дегім келеді….

  5. Жасулан Кемелов

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.

+ 4 = 11

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>