Home » Тіл кеспек жоқ! » Ақи деген кім?

Ақи деген кім?

 Қазіргі кезде «салафи» атын жамылып жүрген мұсылман бауырларымыз бір-бірін «ақи» (ахи) деп атап жүр. Орыс тілді қазақтар «брат» дейді де, әйел азаматшаларды «сестра» деп атайды. Сестра сөзі қазақ тілді бауырларға да әбден сіңіп кеткен. Қарапайым халыққа түсініксіз. Жай сестра ма, медсестра ма, әлде қоғамға қарсы жүзетін кек сестра ма? Болмаса тілге бай қазағым сестраның аудармасына жарымай қалды ма?

Қазақ намаз оқитын қыздарды «дін қарындас», ал жасы үлкендерін «намазхан апа» деген. Ақи деген арабша «туысқан» дегенді білдіреді, ал сестра орысша «апа, қарындас» деген мағынаға ие. Ал сопылық жолды ұстанғандар бір-біріне «пірадар» дейді. Фитна болмауы үшін, «ақи»-ды  қазақша «ақыл иесі» деп, «пірадар»-ды  «бір атаның балалары» деп түсінуге де болар еді… Бірақ, біз не нөльге түсіп, немесе 100 пайызға көтеріліп кетеміз.

Қазақ: «топтың басы болма, көз тиеді, соңы болма сөз тиеді, ортасын ұстан!» деген. Демек ортасы өз ана тіліміз. Осы екеуінің де орнын басатын өзіміздің асыл ана тіліміздегі қазақша «бауырым!» деген сөзін неге  қолданбаймыз?

Атам қазақ, екі көзі екі жаққа қарап, қылиланып тұрғанды ақи дейді. «Маған ежірейіп ақилана қарады» (С.Мұқанов шығармасынан) дейтін сөздер бар. Яғни қисық, «напровлениясы  дұрыс емес» дегенді білдіреді. Демек, қазақта ақи сөзі «жақсы емес» деген мағына береді.

Ал пірадар сөзі қазақ танымында, «провославия дініндегі шоқынушылар» дегеннің аударма нұсқасы екені баяғыдан белгілі. Ғылыми зерттеулер бойынша өз ана тілін білмеген адамның денсаулығы кеміс болады делінген. Жапонның экономикасының көтерілуіне себеп болған олардың ана тілі болса, біздің өркендеуімізге кедергі болып тұрған – өзге тілдер. Осыны түсіндірсең, «ей, қазақтың сөзін  қой, оған дәлел жоқ, бидағаттан қаш!» деген жауап естисің. Сонда өз қазақ тіліне ара түскен адам күнәһәрға айналуы тиіс пе?

Тұрар Шапқара

53 пікір

  1. Заманбек Нұроллаұлы

    Ақи емес, ахи ғой! Екі сөз екі түрлі айтылады!

  2. Заманбек, ахи деген орыста турi гой))

    негiзi, аки деген акыл иелерi демей-ак бауырым десе дурыс.
    такырып бойынша макала мына журде:

    http://dinislam.kz/forum/9-497-1#4544

  3. Заманбек, ахи деген орысШа турi гой))

  4. Қырбаласы

    Жалпы, осы қазақтың кейбір жазғыштарына таным бар. Енді мына арабтың “ахи” сөзін, яғни араптың “ахун”- бауыр және “и” – менің деген сөзінен шыққан ахи- менің бауырым сөзін басқа арнаға бұрып, мүлде басқа мағына беретін сөзбен салыстыру менің ойымша, автор кешірер ақымақтық болар. бұл сөзді аллах тағала құранда “мұсылмандар мұсылманға бауыр” деп қолданады. сондықтанда бұдан басқа мағына іздеу әбестік деп санаймын.

  5. Автордың кей пікірлерін қаншалықты негізді екенін білмеймін. бірақ тіл тазалығын сақтауға байланысты айтқан ойларымен толықтай қосыламын. Біз иманды ел болуға тиіспіз, бірақ өзіміздің туған тілімізді қадірлейтін, ұлтымызды қастерлейтін ел болайық!

  6. мусылман Актобе

    Такен ахи салафи деген аттарды жамылып алып динге карсы ис истеп булдирип жургендерди айтып отыр а так Такен акымак емес Мен оны сто працент билем

  7. «ей, қазақтың сөзін қой, оған дәлел жоқ, бидағаттан қаш!» Бұл енді білімсіз мұсылманның сөзі ғой. Жалпы мақаланы жазудағы айтпағыңыз не, түсінбедім? Арабтанып бара жатырмыз дегіңіз келе ме? Былай ойланып қарағанда қазақ тіліндегі көптеген сөздер араб тілінен кірген емес пе? (мектеп, қалам, кітаб, мешіт т.б.) Кешіріңіз.

  8. Сауд Арабиясының өзінде кәзір “Сәләфилардан” Ханбали мазһабына көшіп жатыр екен……….

  9. Beken men Turar degen agalarymyzga Allah hydayat bersin

  10. салафи де болма, ханафи да болма, ханбали да болма МУСЫЛМАН бол!
    аркiм оз жамагатына шакырмай, исламга шакырындар адамдарды!!!

  11. Иә, шырақтарым, мұсылман болып алайық, мұсылмандыққа шақырайық. Бір ауыз сөзбен жауды да дауды да тоқтатқан қазағымның қара сөзінен артық сөз бар деп есептемеймін. Онсызда дінімізге күйе жағушылар сыныққа сылтау таба алмай жүргенін білесіңдер ғой.

  12. Ассаламуъалейкүм!!

    Авторға қосыламын, “ахи” немесе “брат” дегенше қазақша “бауырым” деген жөн ғой. Қазақпыз ғой. Әлемде, арабы бар, орысы бар, қазақтың сөзін қолданып жүрген қай ұлтты көрдіңдер? Асыл дінімізбен қатар өз тілімізді, мәденитіміз бен тарихымызды құрметтейік.

    P.S. “салафи де болма, ханафи да болма, ханбали да болма МУСЫЛМАН бол!” дейді ғой. Сонда бұл 3 жамағат мұсылман болмағаны ма??

  13. Тұрар Шапқара ойыңске келісем

  14. НУРБЕРГЕН

    НЕГЕ ОПЕРА МИНИМЕН САЙТКА КІРІЛМЕЙ ТУР ОПАСНЫЙ САЙ ДЕП

  15. Рустем ахи

    Тұрар Шапқара керемет ақылды екенсің, Ақи емес ахи деп жөндеп жаз. Және араб тілінен аударғанда туысқан емес бауырым деп аударылады. Улкенге айтылса ағам кішіге айтылса інім. Бұл созді жалғыз салафилер айтпайды, бәріміз айтамыз. Кімнің аузына қақпақ боласың?

    және Пірідар деген сөздің да аудармасын білмесін жағымпазданып қайтесің. Пірідар-парсы тілінен аударғанда биродар бауырлар дегендлі бірдіреді.

    Сенін мақалақ тамаша саитты булдіріп тұр. Келесіде ойланып жаз.

  16. капирлерге уксамандар деген. капирлер ахи деп айтпайд, биз айтамыз иншаллах

  17. мусылман Актобе

    пиродар деген пирдин родарындагилар Рустем казак куп вариянтта суйлейди туыскан бауыр емей немене соз тусинбейтин акимак кир издеме Ал Дулат саган айтарим капирлер кусап брат дегендерге не айтасын баринде экспорт боп кеткенсиндер ме

  18. ӘБДІ ҒАЛЫМ ОСПАН

    Ozge tildin barin bil, oz tilindi qurmette degen goi, Alla Quranda ‘bir-birlerindi tanularyn ushin ult pen ulysqa boldim’ – deidi. Bul maselede baur sozinin astarynda jatqan ugymga kobirek man beru kerek sekildi, bolmasa ahi de basqa de oli dunie bolady

  19. мусылман Актобе

    бауыр мен туыскан сози синоним 10 жыл курт окуын окидиндар ма мине казак тилин билмегесин осилай болади Турар дурыс айтат

  20. Атырау Махамбет

    Азамат битан саган биреу арабтанып бара жатыр деди ме казакты араб не кылсын айтпагиниз не тусинбедим тобелеске шигайын деп турган адамнын созин айтып турсин гой Сен тусинбесен баска тусинеди макала сен сияктиларга арналган емес ко Пикир жаза алмай отирип соз тергейсин Сонда Такен мусылмандарга карсы адам деп ойлайсын ба Онын таухид жайлы ангимелерин окип па един Билмесен кой уят болады

  21. Рустем сенин пикирин барлык тамаша пикирлерди булдирип тур Ахи емес саган похи сиякты Парсы тили не котине керек казак тилин жондеп билип ал Байкаймын дурыс пикир жазып кормеген адамсын Сайдка кирмейак койшы Келесиде ойланып жаз

  22. Пiрадар казакша айтылуы гой Биродар парсышасы Соны кате жондедим деп турсын ба Айттым гой биринши таза казак болып алындар айтпесе шукимын деп канатасындар деп Саган тиип кетеди деп журт макала жазбайды ма алде Озгеге жагымпаздана берме мен сени жаксы билемин

  23. ахилардын тулап жатканын-ай Турарга тисып!!! Жалпы казак тылын курметтейык патриот болайык, мусылман болганнын жоны осы екен деп арабтар мен турыктердын котыне кырмей!!!
    Жамагат жамагатка болынып алып бырын-быры каралаудан казак пайда таппайды!!! осынын артында улкен саясат тур гой ойлансандар !!!

  24. Намыс осындай нарселерди коп жазсаныздар жаксы болар еди Бираз козимиз ашылып калды барин казир тусинип келе жатырган сияктимиз

  25. турар шапкара балдыздарын сестра брат деп атап жур ау

  26. Помоему это значит брат или бАУЫР!!!! Короче вас опять травитят друг против друга!! Им разницы нет как вы себя называете!! Название они вам придумають! Главное чтобы вы долбили друг друга! Сегодня платок и борода! Завтра орамалы и усы!! Всего лишь причины, и дейятвия чтобы нагонять старх в ващи сердца!!! Помните: – Они будут биться с вами до тех пор, пока не обротять в свою веру! !!! Боитесь огня ада!!!

  27. Қазақ мұсылман

    Ассаламуғалайум бауырлар! Бұл автордың айтуы дұрыс. Ахи деген арине арапшадан аударғанда бауырым деген сөзді білдіреді. Біз арап емеспіз қазақпыз, әлемдегі түрлі ұлт түрлі тіл болуында да Алланың хикметі бар болуы керек. Араб тілінде негізі Құранды және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде келтірілген дұғаларды айтқан дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге араб болындар арабша сөйлеңдер деген емес қой! Сондықтан “ахи” деген сөз бұл дұғалық емес, адамдардың қарым-қатынас сөздері сол елдің тілінде болу керек! Надан болмайық бауырлар!

  28. Оте дурыс пикир

  29. Бауырым деген оте тамаша соз емес пе бауырлар

  30. казак болмай мазак болуымыз битпейди

  31. Muslim_makat@mail.ru Garifolla

    Ен биринши мынаны бил.Казактар Ахи деп айтканнан не кина бар?Арабка еликтесек жаксыгой мусылман боламыз.Ал казактар орыска шетелге еликтеп кафир боп жатыр ол туралы неге айтпайсын.
    Бауырын шын ниетимен ыкыласпен ахи деп айтканга куман мен карайсын,Казиргилер курдастарын погеналымен атап жургой ол туралы пыскырмайсын.Казактын ултшылдыгын жогаргылар колга алмай отканда сенин ойынан колга алама екен?

  32. казактын создерi аздык етiп турма? жапоннын создерiн косып алындар

  33. жылой ауданы

    Макат-муслим, сен бәйгеге енді қосылғансың ғой деймін. Осындай бір кір іздейтін мащалкы керек боп жүр еді НАМЫСҚА. Кімнің не айтып жүргенін толық біліп жүрген кісіше оттайсың келіп. Мағынаны түсінсейші әуелі.

  34. аль-Кульсари

    Шейх Ибн ‘Усәймин айтады: “Әһлю-Сунна уәл-жәмә’а – олар біздің үмметіміздің сәләфтары, әрі кім пайғамбар мен оның сахабаларының жолын ұстанатын болса, онда ол сәләфи болып табылады!” Қараңыз: “Шарх әл-‘ақида әл-уәсатыя” 1/314.
    Имам әз-Зуһри (Аллаһ оны рахым етсін) былай деген: “Аллаһтікі – хабарлау, Оның елшісінікі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі бослын) – түсіндіру, ал біздікі – бағыну”.
    Имам әл-Әуза’и (Аллаһ оны рахым етсін) былай айтқан: “Сәләфтардың ізінен ер, тіпті егер барлық адамдар сенен бас тартса да. Адамдардың пікірінен аулақ бол, тіпті егер олар өз сөздерін әдемі етіп көрсетсе де”.
    Шейх әл-Әлбәни (оған Аллаһтың мейірімі жаусын) былай деген: “Әл-Жәмә’а – бұл сәләфтардың жолына ілесетін бір ғана қауым және бір қалада тұра ма әлде әртүрлі қалаларда тұра ма – оған қарамастан олардың бір ғана жолы бар, бір ғана ақидасы бар”. Қараңыз: “Фәтәуә әл-Әлбәни” 106-114.
    «Әс-Сәләфу-ссалих» (ізгі ата-баба), «Таифәтул-мәнсура» (Жеңіске жететін топ), «Фирқату-ннәжия» (Құтқарылған топ), «Әһлю-Сунна уәл-жәмә’а» (Сүннет пен біртұтас қауымның адамдары), «Сауәдул-ә’зам» (Ұлы қауым) – бұл терминдердің барлығы бір-ақ нәрсені білдіреді: ең басында пайғамбар (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) мен сахабалар тұрған сәләфтардың жолына еру!
    Имам Ибн Жәрир әт-Табәри былай деген: “Әл-жәмә‘аға еруге деген бұйрық – мұсылмандар қасында жиналған басшыға бағынуды білдіреді. Кімде-кім оған ант бермесе (яғни оған бағынбаса), міне, сол адам әл-жәмә‘адан шыққан болып есептеледі”. Қараңыз: “Фәтхул-Бәри” 13/47.

  35. Салафты қорғау мен оны қорлау бөлек тақырып. Жастар салаф деген атқа сай емес. Осылардың қырсығынан шетелде, оған ерген қоғамда салаф сөзін вахаби сөзімен алмастырды. Енді бар бүліншілікті салафпін дейтін ақымақ жастардың қолымен жасайды, және жасап та жатыр. Ал діндегі бауырларымыз дінге келген зұлматты көрмей, болмашыға бола бір-бірін жек көруде. Ай,ай,ай.

  36. АЛЬ-КУЛЬСАРИға

    Сәләфия сектасының адасқандығын әшкерелеу (ДӘЛЕЛМЕН)

    http://dinislam.kz/forum/9-497-

  37. АЛЬ-КУЛЬСАРИға

    Сәләфия сектасының адасқандығын әшкерелеу

    Ен биринши салафия деген атау жайында.

    Алла бүрын да осы Құранда да пайғамбардың сендерге куә болуы, сендердің де адамдарға куә болуларың үшін,”Мұсылман” деп атады.
    Хаж суреси, 78 аят.

    Ягни Аллах бизди салафи емес, “Мұсылман” деп атаган. Буган арине салафилердин жауабы дайын: “буны мусылмандар болинбей турганда айткан, казир озин мусылманмын дейтин адамдар коп, сондыктан адасушылардан болек болу ушин биз озимизди салафи деп атауымыз керек”.

    Оларға сұрақ:

    1) адасқан ағымдар пайғамбарымыз дуниеден өте салысымен пайда болған. Мысалға хауариждер, муржиялар, қадаритттер және т.б. Сонда өмір сүрген қай сахаба немесе қай ғалым өзін адасушылардан болек болу ушин биз озимизди салафи деп атауымыз керек деді?

    2) Қазіргі таңда сәләфия сектасының өзі бірнеше сектаға бөлініп кетті. Ендеше тура жолда екенімізді көрсету ушін сәләфияның қайсы сектасын “таңдауымыз” керек?

    P.S Салафи дегендердің сөздерін тыңдасаң тек солардікі дұрыс сияқты да баска елдің бәрі адасуда. Олар тіпті бирнеше ағымға бөлініп алып бір-бірін куфрға айыптайды. Салафиялар негізі улкен 3 ағымға бөлінген:
    1) Махдалиттер (оларды қарсыластары мүрджиа дейді)
    2) Такфиристтер
    3) Жихадшылар (оларды қарсыластары хауариждер дейді)

    Осылардың әрқайсысы өздерін салафиміз ал аналар мүрджиа, Такфиристтер, хауариждер деп бір-бірін қаралайды. Және өзі жүрген сектаны мойындамайды, «ондай секта жоқ өмірде» деп. Жел сокпаса шөптің басы неге кимылдайды? Мысалы неге фаузаншы, жибринші деген ағым жоқ? Ең қызығы осылардын бәрі өздерінің істерінің «дұрыс екенін» Құран, хадис және бұрынғы өткен ғалымдардың сөзімен дәледеп шығады. Олардың қайсысын тыңдап біраз уакыт журсең солардікі дұрыс сиякты боп көрінеді. Тіпті мәскеу метросында жарылыс жасағандар да осылардың бірі. Және олар өз сайттарында icтерінің «шариғатқа сай екенін» салафи ғалымы шейх Усайминнің сөзімен «дәлелдеп» шыққан болатын.

    Мен біраз уақыт солардың әрқайсысының сайтына кіріп жазғандарын оқып жүрдім. Тіпті оларға сенуге аз қалдым. Бір-екі хадисты иснадымен айтты екен деп олардан білім алудан сақ болыңыздар! Алған білім тек фитнаға әкелсе ондай білімнен пайда бар ма? Керек десеңіздер білім шайтанда да болған! Шайтан тозаққа білмей кірген жоқ. Ондай білімнен адамға зияннан басқа пайдасы жоқ!

    әл-ханифия, салаффорум, салафпортал сайттары – мадхалиттердікі. Олардың такфиристтерден бір ғана айырмашылығы бар: Такфиристтер өздерімен келіспеген адамдардың бәрін кәпірге шығарса, мадхалиттер өздерімен келіспеген адамдардың бәрін – адасушылыққа, бидғатшыға, өзінің нәпсісне еруге шығарады. Олардың елімізге әкелген ең үлкен фитнасы осы- ананы тындама, мынаны тындама, ананың ақидасы дұрыс емес, мынау бидғатшы деген сиякты.

  38. Бауырларың

    Мәзһабсыз мұсылман ескексіз қайық сияқты деп естіп едім.Неге бізбен көрші мемлекеттің адамдары қазаққа ұқсап,еліктеп кетпейді? Керісінше біз өзбекке, орысқа ұйғырға еліктеп сөздерін қолданысқа енгізуге әуеспіз.Ақи деген сөзді қолданбаған атаң ақымақ болды ма сонда?! Ақи деп сөйлесе оо мына адам діннен хабары мол екен -деп айтсын деген ниеттен туған рия.

  39. өте дұрыс ойың.

  40. Мықты мақала. Тұрар ағаға рахмет.

  41. Сол ахилар осы казактын кейбир создеринин магынасында билип жарытпайт арабтын созин енгизип,ауестенгендерине тан каламын.сол бауырларымызбен апкелеримиз казаки болмысын жогалтпай динди насихаттаса типти адеми болар еди.

  42. бауыржан кульсары

    бари бос соз

  43. Бекжан бауыр

    Сен осы ана тіліңе жаның ашып отырган жоқ өиткенi өзіңде орысша жазып отырсың сенің ойың белгілі ғой

  44. Аль-КУЛСАРИдiн айтканы оте дурыс!!! Келiсемiн!!!

  45. Керемет пікір
    ҚАЗАҚ МҰСЫЛМАН
    17 наурыз 2012 at 13:04
    Ассаламуғалайум бауырлар! Бұл автордың айтуы дұрыс. Ахи деген арине арапшадан аударғанда бауырым деген сөзді білдіреді. Біз арап емеспіз қазақпыз, әлемдегі түрлі ұлт түрлі тіл болуында да Алланың хикметі бар болуы керек. Араб тілінде негізі Құранды және Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадистерінде келтірілген дұғаларды айтқан дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бізге араб болындар арабша сөйлеңдер деген емес қой! Сондықтан “ахи” деген сөз бұл дұғалық емес, адамдардың қарым-қатынас сөздері сол елдің тілінде болу керек! Надан болмайық бауырлар!

  46. Қазақсыңба қазақша сөйле не керегі бар басқаларға қызығып. Бауырым, інім, аға деп шақырған жаманба не сонда. Ахи, пірадар деген сөз айтпасаң мұсылман болмай қаласыңба әлде? міндетті түрде осылай айту керекпа? Айтыңдаршы ахи, пірадар деген сөзді не себептен айтып жүрсің өзің бір терең ойланып көрші?

  47. ДУЛАТ АХИға

    Бауырым кәпірлер ахи деп айтпасада “брат”, “сестра” деп айтады. Сенің ойыңша бауырым деген сөз соншалық төмен сөз бе? Ахи десеңде, ақи десеңде екеуі бірдей естіледі. Бұрынғы ата-бабаларымызда исламды білген. Исламды ту етіп ұстаған. Бірақ біз тарихтан АХИ деген сөзді кезіктірмейміз! Бұл мақаланы жүрекпен түсіну үшін нағыз қазақ, өз елінің патриоты ғана болу жеткілікті.

  48. Қайрат Әшімханұлы

    ДУЛАТ АХИҒА
    10 ақпан 2013 at 23:07
    Бауырым кәпірлер ахи деп айтпасада “брат”, “сестра” деп айтады. Сенің ойыңша бауырым деген сөз соншалық төмен сөз бе? Ахи десеңде, ақи десеңде екеуі бірдей естіледі. Бұрынғы ата-бабаларымызда исламды білген. Исламды ту етіп ұстаған. Бірақ біз тарихтан АХИ деген сөзді кезіктірмейміз! Бұл мақаланы жүрекпен түсіну үшін нағыз қазақ, өз елінің патриоты ғана болу жеткілікті.

  49. Қайрат Әшімханұлы

    Қазақтың сөзіне толықтай келісем! Авторға Аллаһ разы болсын!

  50. ььььььььььььььььььи

  51. дерска равы

  52. balamasy tabylmai jatsa gana qoldanu shart…

  53. Қазір түрлі-түрлі секталар көбейіп кетті соның бірі ақи.Сол ақимыз деп қоғамнан алшақтап жүргендер,өздері де білмейді ақидың не екенін.Егер олардың арасында сен ақи болмасаң,онда сені шеттетіп жат санайды.Тіпті олардың түрлері де мінезі де басқаша болады,танымайтын көпшілік арасында бір-біріне жаутаң-жаутаң қарап,ақисыңба деп,егер ақи болса бірден танысып,ауыз жаласып бөліне кетеді,олар сондай бір ұйым екен.Қарап тұрып оларға,ойға қалдым,мен ол жігітке жаным ашып көмектесіп жүргем,ал ол өзінің ақиын бір көргеннен танымаса да мені жат санап тайып тұрды.Бұл деген,Қазақ ұлты бірігіп мемлекет құрып бір ауыз боп,ұйымшыл боп,бір бірімізге демеу болайық деп жүрген қазақтарға қатты удар болды,Енді міне қазақтар әр түрлі дінге өтіп бөлектеніп туған бауырларынан безіп осындай сұрқия қоғам қалыптасуда бұл бөліну деген аяғы жақсылыққа апармайтыны рас.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.


6 + 9 =

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>