Home » Ел іші жаңалықтары » Өскеменде Алланың Елшісін әспеттеген айтыс өтті

Өскеменде Алланың Елшісін әспеттеген айтыс өтті

Пайғамбарымыздың туылған күні «Мәуліт» мерекесіне орай Өскемен орталық мешітінің ұйымдастыруымен рухани айтыс өтті. Оған  Балғынбек Имашев, Сара Тоқтамысқызы, Айтақын Бұлғақов,  Айнұр Тұрсынбаева, Арман Бердалин,  Айтпай Жұмағұлов,  Мұхтар Ниязов сынды  дүлдүл ақындар сөз тоғыстырды. Айтыс – қазақ жанының ғанибеті. Мерейлі шараны облыс басшылығы құшақ жая қарсы алып, ақсақалдар алқасы мен Өскемен қаласының барлық мекемелері бұл шараға асығып жетті.

Құдіретті Алла Тағала мен Оның Елшісіне арнаған жүректеріндегі жапырақ жырларын желбіреткен ақ маңдайлы бекзат ақындардың дерлігі Жаратқанның бес парызын орындаушылардан болды. Алдымен, қасиетті жұмада орталық мешітте Хаққа сәжде етіп, қолын жайды. Үлкені мен кішісі бір – біріне қарайласқан Шығыс елінің рухы мықты мұсылмандарымен бір сапта тұрып, парызын өткерді. Одан кейін лек – легімен ағылған қалың жұртпен бірге «Нағыз қазақ – домбыра» демекші, сері ақындарымыз Өскемен орталығындағы «Үлбі» мәдениет сарайына тартты.

Бірінші болып қарағандылық Тілеген Әділов пен керекулік Қуаныш Шармановтар «Бісмілләмен» айтыстың пердесін ашты. Өр Алтай елін мақтады, Өскеменді өрлетіп, жиналған халықты біраз баптады. Ең бастысы,

Қияметте көрерсің шапағатын,

Расулалла ғұмырын үлгі еткенің.

Аллаға барар жолға адаспаймыз,

Азу тіспен ұстаса сүннет жолын – деп, елді Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетіне шақырды.

Ау, мұсылманның киесі Құран екен,

Құранның іші толған бұлақ екен.

Аяттары болған соң Хақтың сөзі,

Ойың жоқ, сенбейтұғын сірә бөтен – деп, өлеңдетті.

Талдықорғандық Айтақын Бұлғақов:

Ау, Алланың тоқтамаса уыт күші,

Күнәні де жасайды – ау күліп кісі.

Имансыздар исламға, игі дінге,

Келеді бүлік салып құртқысы.

Баласы жайнамазға сәжде қылса,

Ата – ананың болады суық түсі.

Себебі, діннің атын жамылып ап,

Дінсіздердің болып жатыр іріткісі.

Мың адамға кесірін тигізеді,

Бір адамның жасаған бүлік ісі.

Жердегі құмалағына бір түйенің,

Абайсызда тайып құлар қырық кісі.

Ұзын сақал, кең көйлек, қысқа балақ,

Исламның көркін бірақ қашырып тұр - деп, бұрқ еткіздірген сөздеріне жұрттың қошеметінде шек болмады. Кезегінде ақын қызымыз  Айнұр Тұрсынбаева:

Бір Алланың сүйікті

Құлы болған Мұхаммед!

Желбіреген дінімнің,

Туы болған Мұхаммед!

Ақиқаттың қанатты

Пырағы болған Мұхаммед!

Исламның жап – жарық,

Шырағы болған Мұхаммед!

Жетім – жесірдің қашанда,

Панасы болған Мұхаммед!

Пайғамбарлардың ішінде,

Дарасы болған Мұхаммед!

Ақиқат сөзбен халықтың,

Жүрегі болған Мұхаммед!

Мұсылмандардың Махшарда,

Тірегі болған Мұхаммед! – деп, (с.ғ.с.) Пайғамбарымызға әдемі салауат айтып, айтысты аяқтады.

Ағузу деп, бастасам арабшалап,

Көпшілік кеп бір түрлі қарап қалад,

Тойында саллаллаху уәссаламның,

Бастайын фатиханы қазақшалап,

Сақтанып сайтан деген салдақыдан,

Бастадым Рахман Рахим Алла атынан.

Әдепті Раббысына ғана лайық,

Жолдайын жыр мадақтардың шәрбатынан.

Аса қамқор, ерекше, мейірімді,

Қияметтің патшасы бар ма күмән.

Тек қана жалғыз Саған құлшылық қып,

Тек Сенен жәрдем сұрап таңды атырам! – деп, жырлаған астаналық төкпе ақын Балғынбек Имашев қасиетті Құранның фатиха сүресінен бастады.

Өскемен орталық мешіт баспасөз қызметі 

8 пікір

  1. Алтай баласы

    Шығыстықтар адам болайын деген екен.

  2. Ei дүлей қазақ туралы былай айтуға қалай дәтің барады?

  3. Айтақын исламның көркін кетіріп тұрған ұзын сақал,қысқа балақ,кең көйлек дейді.Сол нәрсемен өзінің шатасқанын білерме екен,исламға қарсы сөйлеп отырғанын.Ал тарихтан қарасақ ата бабалармыз,әжелерміз кең киінген,сақалдары болған жәнеде балақтарын сүйреп жүрген жоқ ғо. Қазақи намыс болатын болса Бұлғақтан ОВ ты алатын уақыты баяғыда болған.Негізі пайғамбарымыздың туған күнін Мекке Мәдинада тойлап тойламайтынын қайдан білуге болады. Өлер кезінде айтып кеткен менің туған күнімді тойламаңдар,христандарға ұқсап депті.

  4. оу казактар, унамаса аитысты тындамандар, сендерге тоиландар деп аиту керек пе еди, оздерин кунделикти туган кунди атап отип жатырсындар го сылкитыыыыып, немене Мухаммед пайгамбарымыздан артыкпыз ба, бул аитыс, жаксыны коре алмаган казак, кормеи отесиндер ау осы туби

  5. Akitatti jasiradi moldanda… Akikatti jasirgandar ongan ba?

  6. е, азамат, сен биринши молда болып ал, онын жаттаган сурелерин жаттап ал, онын окыган куранын кунде окып ал, сосын барып акикат пен шындыкты шатастырма, акикат тек Аллада, сенин онганынды далелдеп алсай

  7. Әбді Ғалым Оспан

    Сахаба Хасан Ибн Сабит розиаллаһу анһу пайғамбарымыз саляллаһу алейхи уассалямның өмірін жырлаған ақың бірі.
    Әбу Һурайраның риуаяты бойынша, бірде хазіретті Омар (Аллаһ оған разы болсын), мешітте өлең оқып тұрған Хасан Ибн Сабитке ала көзімен қарады. Бірақ ол (Хасан Ибн Сабит) оған жауап беріп: “Мен мұны сененде жақсының алдында оқығанмын!” – деді, артынша Әбу Һурайраға бұрылып: “Мен сені Аллаһ таъалаға тапсырдым! Сен Аллаһ елшісі саляллаһу алейхи уассалямның: “Мен үшін (мені көре алмайтындарға) жауап қайтар! Аллаһ оны киелі рухыңмен қолда” (Аллаһумма аййидху бирухиль-қудус.) – дегенін естідің бе? – дегенде. Әбу Һурайра: “Ия” – деп жауап берді. (Сахих Муслим 2485)

  8. ӘБДІ ҒАЛЫМ ОСПАН

    Акындарга деген курметтин жогарылыгы сондай Алла елшиси саляллаху алейхи уассалям мешиттин ишинен Хассан ибн Сабитке арнап минбер тургызган. Хасан ибн Сабит минбарга шыгып Алла елшисине салауат айтып, оган карсы болгандардын бетин откир олендеримен кайтаратын. Алла елшиси саляллаху алейхи уассалям (Хассан ибн Сабит туралы): ‘Мени коргауга шыкканда Алла Хасан ибн Сабитти киели рухпен (Жабрейл периштемен) колдайды.’ – деген. (Айша анамыздан имам ат – Тирмизи риуаят еткен).

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.


4 − = 3

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>