Home » Руханият » Уәлибек ӘБДІРАЙыМ: Біз аманатқа қиянат жасап жүрміз

Уәлибек ӘБДІРАЙыМ: Біз аманатқа қиянат жасап жүрміз

Ер-азаматтардың республикалық басылымы «МЫРЗА» газетінің тамыз айындағы кезекті санында, «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірейіммен жүргізген көлемді сұхбат жариялаған еді. Аталмыш сұхбатты ықшамдап өз оқырмандарымызға ұсынып отырмыз.

-   Сізді ел-жұрт – мықты театр басшысы әрі сахналық қойылымдарды да өзі жаза  білетін дарынды  азамат ретінде, құрмет тұтады.  Бүгінгі күні сатира мен саясат қаншалықты жақын?

-   Бізде Ресейдегідей жақындық жоқ қой. Біздің саясат сатираны қайтсін? Оған әртістің де керегі жоқ. Олар өздерімен өздері жүрген адамдар. Керек саясатты өздері жасап жатыр. Оған сені араластырмайды да, сен айтты екен деп пысқырмайды да. Бүкіл халықты өздеріне бағындырып, уысында ұстап, ойларына келгенін істеп отыр. Ертеңгі күні маған біреу кеп ренжісе, ренжісін. Мен одан қорықпаймын.  Ел алдында жүріп, сатирамен айналысқаннан кейін осы мәселелерді ашық айта алмасам, онда менің кім болғаным?

-     Ресейдегідей сатирамыз бен саясатымыз жақын болуы үшін бәлкім, біздің таланттарымызға,  әзілкештерімізге дарын жетпей жатқан шығар.

-    Әзіл – әдеби жанр екенін жақсы білесіз. Оның дамуы үшін әдеби орта, оны түсінетін қауым керек. Ең бастысы – тіл керек. Біздің мемлекетте – қазақ тілі бар ма? Жоқ! Мемлекет сөйлемеген тіл қалай жанданады, қалай дамиды?   Мысалы, біздің Премьер-Министр қазақ тілін білмей қазақтарды басқарып, нан жеп отыр. Ол қытай тілін біледі. Орыс тілі – ана тіліндей болып кетіпті. Тағы қаншалықты тіл білетінін мен білмеймін. Бірақ Қазақстанға керегі, маған керегі – қазақ тілі. Оған керек болмаған қазақ тілі, оның баласына керек пе? Жоқ, ана тілдерін бұрап, әрең сөйлейтін министрлерге керек пе? Балық осылай басынан шіриді. Қалай ол ұялмай билік басында жүреді?  Басқасын айтпай-ақ қояйын, маған қазір ұйғыр мәдени орталығын, болмаса украин әдеби бірлестігі басқармасын басқар десе, өлсем де бармас едім. Ол елдің мәдениетінен, тілінен ұят емес пе?

-   Кейінгі кезде «қазақтың әзілі ұсақтанып барады, қатынданып барады» деген сөздерді естіп қаламыз…

-   Біздің сатириктерімізге, әдебиетшілерімізге ешкімнің ренжуге қақысы жоқ. Үкімет басындағы қазақтарға ренжісін, осылай біздің туған тілімізді тұқыртып, мәдениетімізді мешел етіп отырған, олардың дәстүрімізді дамыта алмай жатқанына, көңіл бөлмейтіндігіне ренжісін. Тілімізді көтермесе, оны біз қай жерде қолданамыз. Биік өреңді, тапқыр әзіліңді түсінбейтін адамның алдында өнер көрсетсең, әртістен басқа кім жапа шегеді? Одан да тас қабырға тыңдағаны дұрыс емес пе?  Және осындай жағдайда жүріп бізге әдемі, салтанатты, сымбатты көріну керек,  елдің мәдениетін көтеру керек.  Осыдан барып, әзілдеріміз де, әзілкештеріміз де ұсақтанбай қайтеді. Қатынданбай қайтеді?

-   Қазір қаптап кеткен жеңіл әзілдер мен жөнсіз әйел  образдары жайлы не айтасыз?

-   Мен енді мына КВН дегенге кейінгі кезде таң қалып жүрмін. Ішінде жақсысы да бар шығар. Бірақ, әзілдері сондай жеңіл, жеңіл емес-ау, мен тіпті айта да алмаймын. «Көшеде бір қыз келе жатыр. Шалбары жыртық екен. Ха-Ха-Ха.» Осындай ғой. Оны өздері айтады, өздері күледі. Біз бұған күлмедік, ештеңе айтпадық. Бірақ мұның бір жамандығы бар – ол өсіп келе жатқан балалардың санасын шектейді, өсірмейді, өйткені онда өткірлік, ұтқырлық жоқ. Тапқыр сөз, тәтті қалжың жоқ. Осының бәрін көріп отырып, таң қалмасқа шараң қалмайды,  қазір қаланы қойып, ауылдың мектебіне дейін КВН өткізгенді дәстүрге айналдырып барады. Бұл не сонда? Тәрбие беріп отырған мұғалімдер де осыны қадағаламай ма, білмеймін. Бірақ, шынайы өнер мен далбасалап жүргендердің арасын түсіну үшін де бізге әлі талай уақыт керек пе деп қаласың кейде!

-   Өнер адамдары қашанда ел назарында ғой. Сондықтан да газет оқырмандарына өзіңіз жайлы өз аузыңыздан айтып беріңізші.   

- Жас кезімде араб тілімен шұғылданғанымды көріп, мені осы араб тілінің мұғалімі болсын деп оқуға апарған, «Мықты арабтанушы, құрығанда имам болатын шығар» деп ойлаған болуы керек. Бірақ егер мен сол жолмен жүре берсем, бәлкім арабтанушы болуым да, тіпті бір облыстың имамы болуым да мүмкін бе еді. Өйткені сабақ берген ұстазым Муфти болып кетті ғой…  Бірақ біз осы әртістік жолды таңдадық. Кейін әртіс болғанда айтатыны ғой, әкемнің «Қыршаңқы тіл, қылжақбастың жұмысын жасап, құдай-ау, содан да бала-шағасын асырайды екен-ау» деп.  Әйтсе де әкем қылжақбастың әкесі болғанынан жамандық көрмеді деп ойлаймын. Қайда жүрсем де оның атын, атам Әбдірейімнің атын тек жақсы жағынан шығара білген шығармын.

Атам Әбдірейім етікші болған, жуас, білімі де төмендеу кісі екен. Ал өз әкем бір мектепте 46 жыл ұстаздық еткен, география пәнінің мұғалімі. Ол заманда Мәскеуге дейін барып қайтқан беделді ұстаз. Сол үшін де бұрын мектепте мұғалім деген көбіне ер адамдар болатын. Олар көп кезде тәрбие де басқаша емес пе еді? Мектепті бітіре салып, әскерге бәрі сұранып, қалмай барушы еді жігіттер. Әскерге бармаған жігіт өлуге бар-тын.

- «Шымкентте еркектердің бәрінде екі әйелден бар екен» деп жатады.  Сіздің аузыңыздан осы тақырыпқа қатысты әңгіме естісек деп едік?

-   Парламент екі әйел алу туралы мәселе көтерген екен, оған біреулер «ойбай, біз еркектер екі әйел алса, біз де екі күйеуге тиеміз» деп шулатыпты. Табиғаттың заңы болады. Алла Тағаланың заңы, оны бұза алмайсың. Ал мемлекеттің заңын бұза бересің. Өздері де күн сайын бұзып жатыр ғой.  Жағдайы келіп жатса екі әйел алсын, ұрпақ көбейеді. Асырай алатын болса… Бірінші әйелі жылап, екінші әйелі ренжіп жатпаса.  Мысалы, 3 баласы бар, әйелі кәртейе бастаған кезде барып,  екіншісін алса болады. Екеуін қатар алмау керек. Екі әйелді жауластырып, не болмаса балаларын өшіктірмей жақсы, өнегелі тәрбие беру керек. Барлығына бірдей қарау қажет. Әйел адамдарды да түсінуге болады. Олар ренжіп қарғауы да мүмкін. Бірақ, олар ойлануы керек, егер қарғайтын болса, сонау Құнанбайдың ұлы Абайдан бастасын. Негізі, ерлерге солай жазған шығар деп ойлаймын. Мысалға, айғырдың бес-алты биесі болады, табиғаттың заңы солай. Бір биенің қатарынан 2 айғыры болмайды ғой.  Оның бәрін түсіну керек.

Нағыз еркек қандай жағдайда да отбасын тастамайды. Қамқорлығына алып, бағып-қағып жүре береді. Бұрында «менің екінші шешем» деп сөйлейтін небір жазушыларымыз бар еді. Олар қалай күн көрді екен? Соның бәрін баланың санасына жеткізу керек. Неге, сол кезде қазақ бүлініп кетпеді. Неге іргеміз ыдырамай, үш-төрт әйелдің басы бір үйге сыйып отырды. Бәленің бәрі орыстың отарлау саясатының арқасында келген жоқ па? Соның жемісін жеп отырмыз ғой қазір.  Әйеліңе бір сөз айта алмайсың, келін ол тұрады шапшып, қызың да әне айтқан сөзді жүре тыңдайды. Осы заманымыздың шындығы емес пе?

Менің шешемнің шешесі өзінің күйеуіне 3 әйел әперген екен. «Ұрпағы азаймасын, ұрпағы мол» болсын деп. Қазір сол 3 әйелден туған балалары араласып тұрады, бір-бірімен. Ал, енді менің әкем ондай емес. Бірақ, әкемнің әкесі де екі әйел алған.

-   Елімізде қалыптасып кеткен рухани ахуал, жалтақтық, жағымпаздық қайда апарады? Сіз не ойлайсыз?

-   Қандай жағдайда болмасын, мейлі ол, тіл жайында болсын, саясат жайында болсын  ел шындықты  білуі керек. Осыншама жерді Қытай бізге сыйлыққа берген жоқ, Ресейдің жаны ашығандықтан бере салған жоқ, еркіне салса әлі күнге дейін тартып алғысы бар, тіпті, алып қойған жерлері де бар,  өзбек берген жоқ, қырғыз берген жоқ. Біздің ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен қорғады. Жандарын аямады.

Ал біз оған не істеп жүрміз? Біз аманатқа қиянат жасап жүрміз қазір. Тілін ұмыттық бабамыздың, дәстүрін ұмыттық, жерін сатып жатырмыз, Ақтөбенің жерін, өтірік болса барып көріңдер, мұнайдың барлығын Қытайлар алып жатыр,   Қаражамбастағы бейшаралар бекер айқайлап жатқан жоқ. Оны өндіретін біздің қазақ азаматтары жоқ дейсіз бе? Бар, бірақ бізге болмайды. Саясат солай ма, білмеймін анық, ал менің білетінім осы.

Кезіңде, Парламентте неғып қазақ тілін көтеріп жатырсыңдар, «тұра тұрыңдар, шетелде балаларымыз оқып жатыр, барлығы қазақша болып кетсе, келе алмай қалады», деп айтты бір депутаттар. Міне, қандай дәрежеге жеттік? Ұялу жоқ, халық қалаулысы деген атты иемденіп отырып, баласының қамын бүкіл елге жария етті. Бұдан өткен ұятсыздық бола ма? Олардың балалары келмей-ақ қойсын, жүре берсін сол жақта. Басқа қазақтың жігіттері жоқ па? Ауылға барыңыз, небір данышпан балалар бар, оқи алмай жүрген. Ал біздің баяғы Сәтпаев сынды мықтылардың барлығы сол ауылдан шыққан қарапайым балалар еді ғой. Солар немене министр, депутаттың балалары дейсіз бе? Кәдімгі қойдың қиын иіскеп өскен ауыл балалары еді. Солардан артық ұлтқа кім қызмет етті?   Өмір бойы «қазағым» деп, жан-тәнімен жұмыс істеп, өліп кетті. Міне, сондайларды табу керек. Уақыт бөліп іздеу керек. Оларға рух беру керек. Алысқа барып не керек, өзбектерді алайықшы. Патриотизм деген  сұмдық, өзбек деп өлетіндер көп.

Маған Жапонияның юмористері келді. Бір телеарнасының директоры мен операторы, қала мерекесін арнайы түсіріп алды. «Қазақтардың өз тілінде сөйлемей, орысша сөйлегені несі» деп таң қалып жүр. Олар біледі ғой, қазақшаның, орысшаның қалай сөйленетінін. Қазақстанға барамыз деп, қазақ тілінен аударатын аудармашы алып келген екен.  Ал мұнда келсе бәрі орысша сөйлейді. Таң қалды!  Олар менен  сатира қалай дамып келе жатыр деп сұрады. Өз еліңді жамандайсың ба?! Етек-жеңімізді жинап, аяқтан жаңа тұрып келе жатқанымызды айттым.

Тәуелсіздігімізді алғанымызға 20 жыл болды. Бұл аз уақыт емес. 20 жылда өз тілдеріңізде сөйлей алмадыңыздар ма десе, мен сорлап қалар едім. Ұят-ақ. Олар да өз елдері жайында айтты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, елдің дамуы тоқырап қалған екен. Жағдайлары қиын болыпты. Кезінде Америкадан қарыз алып, күн кешкен. Соның өзінде ағылшынша сөйлемеді ғой, бұлар. Өзінің дәстүрін, тілін, дінін берік ұстап, сақтап қалды. Нағыз патриоттар деп мақтауға тұрарлық. Сол жапон бүгінде кімнен кем. Керісінше, көп жағдайларда тек алдыңғы қатардан ғана көрінеді, қарыштап дамып жатыр. Ал біз болсақ, елу елдің қатарына қосыламыз деп, экономиканы дамытамыз деп жүгіріп жүрміз, оған  тілмен, дәстүрмен кірмесең қалай болады? Бұның қайда апарып соғатынын дәл айта алмаймын әйтсе де жақсылыққа апармайтыны белгілі. Халық бәрін де көріп отыр. Құрғақ уәдеге де, басқаға да тойды деп ойлаймын.

-   Салиқалы сұқбатыңыз үшін  рахмет!
Бейбітгүл ТОҚАБАЕВА

34 пікір

  1. КВН-ды құрту керек қой общым

  2. Керемет айтқан ей, әй, шаншар десе шаншарсың ғой

  3. Осылар шаншар ма, шәшәр ма? негізіг шәншу деген сөз емес пе. орыстарда “ә” жоқ болғасын біз “жәйләуді” амалсыз “жайлау” деп кеттік пе қала өзі? осы жағын онша… бірдеңесі бар әйтеуір, менің де миым айналып қапты. келгеніме бес-ақ жыл болғапн оралман едім

  4. Дін туралы толғады ма деп едім…

  5. мына сұхбатта айтылған дүниелерге толық қосыламын! Расында қазақ тілі болмаса өнері, руханияты, әдебиеті, мәдениеті кімге керек. Мәдениетті тілсіз қалай дамытуға болады. Қысқаыс болмайды. Есі дұрыс адам қазақ тілінің құрып бара жатқанын көріп отыр. Өтірік дамып жатыр дйеміз. Құдай-ау өтірікке көзі көріп отырып сенетін неткен қызық халықпыз. уәлибек шынын айтыпты. ел ішінде көп жүреді, сондықтан ол көп біледі.

  6. шаншар жақсы театр. қазақы астары күшті. уәкең ашынған сияқты. Ашық айтыпты. азамат екен!

  7. Тілімізді жойсақ, жерімізді сатсақ… аманатқа қиянат емей немене!!!

  8. Жаксы сухбат. Казак ушiн кызмет кылып журген Уакене алгыс айтканымыз абзал. Уалбек ага айтса айткандай, КВН-де тукке тургысыз азiлдер коп, тiптi, кейбiрiн азiл деп айтуга да келмейдi. Кайтсек те халыкты кулдiремiз деп беталды бадiктенiп жататын кездерi де бар. Арзан азiл, кунсыз кулкi, бос кылжак. Бiр караганда осылай корiнедi КВН. Бiреу келiсер, бiреу келiспес, бiз кез-келген нарсенiн жанкадай болсын жарамды жагын кадеге жарата бiлуге тиiспiз.
    Салыстыруга келмес; бiр кездерi казакы калжыннын кошiн бастаган данкты “Тамашага”, одан кейiн “Шаншар”, “Бауыржан-шоу”, “Кулкi керуенi”, “Екi езу” секiлдi т.б. коптеген азiл-сыкак театрларына конiлiмiз коншiмей журген кездер болган. Остiп жургенде КВН пайда болды. Алгашында азiлсуйер кауым “бул не пале” деп, ер-токымын бауырына алып тулады.
    Анебiр жылдары ан саласында К.Бекiштi былай койып, корер-козге орыс ауенiмен казакша андеткен С.Жолбарыска да осылай окпелегенiмiз рас. Бугiнде С.Жолбарыспен жылап корiсесiн. Сол секiлдi КВН-ге караганда саликалы сыкак театрлары да айналайын болып калды казiр.
    Улттын уйыскан ордасы болгандыктан кашангыша онтустiк онiр казакы калжынга бай болса, керiсiнше, онбай орыстангандыктан солтустiк онiр оте кедей бул салада. Осы тургыдан келгенде солтiктiктегi казак жастарынын казакша КВН ойнап жургендерiн жаксылыктын нышаны деп ойлаймыз. Тiлдi шубарламай, “сойлесе жондеп сойлесiн, сойлемесе койсын” деп кергуге алi ерте. Тiптi, озге улт окiлдерi де казак КВН-iнiн корiгiн кыздырып жур. Буган бiз куануымыз керек жане КВН-шiлер озге де материалдармен катар, “Шаншар” тарiздi азiл-сыкак театрларынын DVD дискiлерiн тiмiскiлеп, “шуткалар” iздейдi. Демек казак тiлi кажетке жарап жатыр деген соз. Ресейдегi орыс КВН-iнiн окiлдерi ойыннын басты багыттарынын бiрi – ТМД кенiстiгiнде орыс тiлiн дамыту екенiн ашыктан-ашык айтып жур емес пе? Сайкесiнше, Есен Елеукен де КВН аркылы казак тiлiнiн дамуы ушiн тер тогiп жургенi баршага аян. Сондыктан “КВН-нi курысын” деп, бiржакты пiкiр бiлдiрмей, колдан келсе казак КВН-iне колдау корсеткенiмiз жон-ау…

  9. Осы әртіс емес пе, әзіл-сықағында былай бастап күлдіреді: Еркекотызға шейін өз әйелімен тұрады, отыздан кейін басқа әйелмен тұрады, қырықтан кейін неғыл деп еді… екі әйелмен тұрады…алпыстан кейін қайтып келіп өз әйелімен тұрады,деп. Ал енді бұны тыңдап отырған жастар, әсіресе жас өрімдей жас қыздар қалай түсінеді? Олар ағалардан өнеге алатын болса! Осындай сұрқияларды айтқан кезде, залдағы кейібіреулер ду қол шапалақтап, ысқырып, қиқулап жатты. Қарап отырсам техастықтар екен, оларға тек осындай әзілдер ұнайды екен. Мен қасымдағы жұбайымнан қатты ұялып отырдым, не күлеріңді білмейсің, не жыларыңды. Сонда қасымдағы жұбайым ойланып, а,а күйеуім де отыздан кейін басқа әйелмен жатады деп ойламай ма?

  10. Уәлибек аға осындай пікірлеріңізді жиі-жиі жариялап тұрсаңыз! Сатира емес, саясатқа бел шешіп кірісетін адамсыз ғой негізінде. Қысқасы, сіздер бастап, біздер қостап бірдеме жасау керек…… Маған салса, нақ қазір бастағым келіп тұр. Қазақтар,алға!

  11. Қазақ сатирасы дәл қазір тоқырап тұр отбас ошақ қасы сияқты жәңіл дүниелерден аспайды. Сондықтан халық түсінбейді өкімет өйтпейді деген желеуді кою керек. Ал тіл туралы айтқан басқа пікірлеріне толық қосыламын.

  12. Қазақтың ұлттық идеологиясының мақсатсыз жүргізіліп жатқаны енді ғана танымал азаматтардың аузынан шыға бастады. Ашынып айтса да, Уәлибек ағамыз ашығын айтыпты.

  13. Біз аманатқа қиянат жасап жүрміз қазір. Тілін ұмыттық бабамыздың, дәстүрін ұмыттық, жерін сатып жатырмыз, Ақтөбенің жерін, өтірік болса барып көріңдер, мұнайдың барлығын Қытайлар алып жатыр, Қаражамбастағы бейшаралар бекер айқайлап жатқан жоқ.

    Уәкең дұрыс айтады. Жуырда көзімізбен көрдік. Қызылорда өңіріндегі “Батыс қытай” тас жолының бойында қалың қазақ тұнып отыр. Ертең ана тас жол ашылса сол қалың қазақтың аз жылда-ақ қалай қытайланғанын білмей қаламыз. Қытайың ана тас жолдың бойына төгіліп түседі ғой.

  14. Уәлибек ағамыз кейде өзі де жұртты жеңіл күлкімен алдаусыратып жатады ғой. Соның орнына осы айтқандарын негіз етіп салмақты сын айтса пайдасы молырақ болмас па?

  15. Ким Мейрам бауырым койш а. Айтудай айтып жатыр тындайтын кулак болса сойлейтин ауыз толып жатыр гой…

  16. Ай азаматтар не білесіндер анау ауылдар батыс шетінен болашағы жоқ деп жойылып жатыр. Кеңес одағы кезінде аудан, облыс, республика басына баратын адамдар алдымен ауыл шаруашылығынан бастаушы еді. қазіргілер кораптың ішінде отырып ауылды басқарғысы келеді

  17. Тізгінің болмаса егер тектіде, өз елің өзгенің жетегінде кетті де…Кейбіріміздің пәкене пайымдарымыз тыныс-тіршіліктің күре тамырын дөп баса алмай, саясатпен септесе алмай адасып, шу асаудай ақыл-аймақтан шығандай шабады. Абай атамыз айтатын “ақылға бірлік” бәсеңсіп, “малға бірліктің” бәсекесі өршіп тұр. Өрдегілер мен төрдегілер ауылды қораптың ішінде отырып басқарса, көбінесе біз де сол қорапта отырып өзімізше ой өрбітеміз. “Қайда барсаң да – қоғамның қорабы”. Керек десеңіз қораптың сыртында да қорап бар.
    Қорапта болғанмен, тозақта емеспіз, әйтеуір. Бірақ осы бетімізбен кете берсек тозақтан бір-ақ шығарымыз анық.
    Шындығында бастағы бас шылбыр, бүгінгіше – пульт деген кілт өзге кісілердің қолында. Ал “кісідегінің кілті – аспанда.” Жаңадан тұсауын алған аттай тапырақтаған елімізді орыс пен қытай қайта шідерледі. Тұсауың не, шідерің не, екеуі де бір құрсау. Бұл аздай көк мұхиттың аржағындағы анау Америкаң құрық тастап ол отыр алыстан. Біз – барыс болсақ, олар – арыстан. Айға қонып жер телімін қарастырып жүрген олардың “айға шауып мертігетін” түрі көрінбейді. Біз болсақ барыс құсап байқап басайық демейміз, қиямыздағы кәрі құрлықтың құрған қақпанын күнде қауып, стандартты-ақырын айнала шауып, арқандаулы аттай шыр көбелек айналамыз. “Бұл көксоққандардың жалаң ерi арқаңды жауыр қылар, мынаны тоқымның астына салып ал” деп, терлік-желдігін ұсынып мұсылман елдерi олар жүр. Жапоның мен кәрісің, “сақтасаңшы тақымың мен тізеңді, мiне, саған үзеңгі” деп, олар да байғазысын беріп, басын иіп бір бәйек. Осындай қырық құрсауды көріп отырып, бір-бірімізді балақтан тартпай, біріксек, келелі кеңеске кіріссек қайтеді, қандастар?!!

  18. Уалибек аганын напарнигi Жусiп Акшораев братаннын да пiкiрiн тындап кору керек едi… Жусекен сахнада сайтан болганмен, калыпты омiрде ундеместiн нагыз озi дейдi, сол рас па екен?
    Сосын бул кiсiлердiн “Хабар” арнасынан корсетiп журген “Азiл-кештерiнде” бiрдемелер жетiспейтiн тарiздi…

  19. қазақ сықақшылары оқсатпай отыр. Әзілдері сол қатаынның, әйел баласының, етек-жеңнің айналасынан аспай отыр. Ана Задорновтан үлгі алыңдар. хазановтан үлгі алыңдар. Ол немене, еркек анаумен ұйықтайды, жатады, отыздан кейін басқа әйелмен жатады деп, қыршыған! Ендігі қалғаны, қазақтың әйелдерін қорлауларың қалды ма?

  20. Осы уакенедей шындыкты шырлтатып айтатын онер адамдары аз?жараисыз ага?жумстарынзга жемыс тылеймын?анау быр айгыр бес алты бйены хайрып жуыр деген нагыз казактын айтатын созыгой?

  21. Жүкеңді тыңдау керек еді

  22. Уалибек мырза билік басындағылар дисіз қайталанбас түлға Мұхтар Әуезов ағамыз айтқандай өнер ұлы болмайнша Ұлт ұлы болмайды өнерімізді дамытайқ

  23. Гулфайруз

    Жарайсыз Сыз сондай жаксы сухбат берыпсыз

  24. Гулфайруз

    Нагыз ултжанды ултын суйетын азаматсыз,Коптен беры мундай сухбат окымаппып,Рахмет

  25. ote dures aytelgan .kazaktilin neuxin memleket tildarejesine tolek jete almaganena zade nekedergi bolep oterganena .tangdanade xettegi kazaktar.

  26. айгүл қызылорда

    өнерге күн көріс емес үкімет жағынан қорғау қолдау қажет

  27. Рысбек Кызылорда

    Сiздер мамандыка карайсыздарма?

  28. рахмет ага,сухбатынызга оте риза болдым,сизди суйип тындаймын

  29. квн-ді жамандағанына келіспеймін.Жасай берсін қазақ КВН-і,жасай берсін ЕСАҒА

  30. Жалпы Шаншар театры өте жақсы ұнайды. Уалибек ағаймен Жүсіп ағайдың арқасында құрылған деп ойлаймын. Сіздерге шығармашылық табыс, жұмыстарыңыз әрқашан алға баса берсін. Сәттілік!!!

  31. тамаша

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.


4 − = 1

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>