Home » Білгенге маржан » Той музыкасының «сыры»

Той музыкасының «сыры»

Той – қуаныш. Адам тойда сол мерейдің ішінде болып ақ тілек айтып, ағайын жұртпен бет көрісіп, арқа-жарқа отырып әңгімелесіп, қысқасы, өзіне бір жайлылық сыйлап, дем алып қайтуды қалайды. Ал қазіргі тойларымызда осы қалау қаншалықты жүзеге асып жатыр?  Демалмақ боп барған жиыннан рухың мұқалып шаршап шығатынымыз неліктен?

Жақында орыс ғалымдары ойлау жүйесі бұзылған (жынды боп қалған) оншақты адамға «қатты музыканың кесірінен мәңгіріп қалғандар» деген диагноз қойған. Олардың барлығы түнгі клубта билеп, ойын көрсететін жастар екен. Зерттеушілер «адамның дыбыс қабылдау құрылғылары мимен тікелей байланысты. Әдетте рет тым қатты дыбыстарды әлденеше рет қабылдаудың өзі миға өз әсерін тигізбей қоймайды. Өйткені мидағы жүйке жасушалары өзара байланыс құрады. Ал, шамадан тыс дыбыс адамның жүйкесінде бұндай көпжақты қабылетін бұзады. Тіпті ауыр болғанда байланысты үзеді.  Ал күні-түні бақырған музыканың астында отырған адам айға жетпей жынды боп кететіні тәжірибе жүзінде анықталған» дейді. Ғалымдар жас жеткіншектерді би кештеріне, тіпті жас балаларды тойға апарудың аса зиянды екендігін қатты алаңдаушылықпен сөз етіпті.

Бүгінде ресторанда музыканың дауысын қатар отырған адаммен сөйлесу мүмкін болмайтын дәрежеде бақыртып қоятынын тойға барып жүрген қазақтың бәрі біледі. Басында тұла-бойың бір түршігетіні рас. Қалыпты жұмыс атқарып тұрған жүйке кенет соққы алғанда қалай болушы еді, тура сол секілді. Аздан кейін барып көніп иә үйреніп кетесің. Үйренгенің өз еркіңмен, табиғи жолмен емес, соның ықпалына түсу себебінен. Өйткені, ми жасушаларының нәзік байланыстары өз қызметтерін әлсіретіп тіпті өзара байланыс ажырай бастайды. Осы процесс ми ішінде жүріліп белгілі бір деңгейге дейін жеткенде, жайшылықта үлкеннің алдын кеспей ізет сақтап тұрған қыз-келіншектердің инабаты адыра қалып, тайраңдап ортаға шығатыны содан. Ал той өткеннен кейінгі бейне таспадан өзінің би алаңындағы ерсі қылығына, ыңғайсыз әрекеттеріне қынжылыс білдермейтін адам кемде-кем.

 Ал, тойдағы есер музыка адамдарды ортаға шығарудың, оларды өздерінің одағай әрекеттерінен ұялмайтын дәрежеге жеткізудің, қысқасы құтыртудың, есінен айырудың тәжірибеден өткен ортақ технологиясы екен. Сенбесеңіз есер тойдың асабасына барып «музыканы ақырындат» деп айтыңызшы, «той қызбайды ағасы» деп шыж-быж болады. Олар ақыл-есі ауыспаған адамдарды басқару өздеріне әлдеқайда қиын соғатынын жақсы біледі. Ондай топтың алдында әр сөзін қадағалап, сөйлеуге мәжүр болады. Ал, есінен адасып елірген тобырға бәрібір. Аздан кейін оларды қылжаққа айналдыру, мазақ ету, кекеп-мұқап, ит әуреге салу асабаның қолында. Олар асабаның сөзіне шамданғанды былай қойып, өзін келеке қылған қыржан сөздерге жыртылып-айырылып күледі. Қысқасы, ақымақ болады

Айтпақшы, қатты қорыққанда, қатты қуанғанда адам бойына кіріп кетер жын пәленің кісіні иектейтін тағы бір тұсы осы музыка екенін естен шығармаңыз. Музыкаға қатты беріліп естанды халде билегендер сол билеген қалпында жынның жетегінде кеткен мысалдар көп-ақ.

 Құрметті той сүйер қазағым! Тойда қадірлі басыңның бағасын түсіріп алма! Абай бол! Көңіліңізге қонып жатса осы әңгімені айта жүр!

 

Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ

16 пікір

  1. Тойдың аты той!

  2. Сананы бұлыңғырлататын жайттар көп-ақ. Құлақтан кіріп бойды алатын ән мен күйдің де өңі айналып кеткелі қашан. Жаратушымыз әрбір нәрсені шеберлікпен дәл жаратқан. Құлағымыздың қалқиып тұруы да әуедегі дыбыстарды қағып алып естіртуге жеткілікті. Құлақтың ішіне нығарлап тығып алып, даңғаза музыканы тыңдап жүрген жастарымыздың жайы не болар екен. Қазіргі ақпақұлақтардың көбейуі де осының салдарынан екені айтпаса да түсінікті болар. Қоғам болып қолға алынатын істі дуалы ауыз кісілер қолдаса жөнін табады.

  3. келісемін, ғибратты уағыз бен тойдағы салмақты ақ батаға не жетсін! қазір у шусыз ақ ұлан асыр той жасауға болады. Бәрі ниетке байланысты!

  4. Марал Аманбек

    Киын такырып, калай айтсанда когам ушин бул киындау…

  5. Өте дұрыс мақала кәзіргі той емес қой базардай тойдын мән мағнасы кеткен у шу

  6. казахтар: менде бiр жагымсыз жаналык бар. астанада улты шешен бiр бала интернетке казах халкын корлайтын видеолар койып жур. сенбесендер youtube.ru сайтында аталган видеоларды кору ушiн mrkavkazcentre деп жазсандар шыгады. сол баланы бiрдене гып токтату керек. менiн логиным el-kazajo@mail.ru.

  7. Гүлмира Атырау

    “Әннің де естісі бар, есері бар…”

  8. ВНИМАНИЕ ВНИМАНИЕ КАЗАХИ и Вайнахи MrKavkazcentr b hoxchi095 и еще 2 аккаунта ……это ЖИД стравливающий нации…….ip Зарегистрирован в исраиле г.ашкелон проверенный факт …не ведитесь на провакацию мир вашему дому….расскажите об этом друзьям эти жидовские выродки стравливаю чужими руками!…

  9. асау онын провакатор екенiне кандай далелiн бар?

  10. noxch095 деген онын каналы ма алде майл.ру дагы логины ма? асау бiрдене бiлсен менiн логиныма хабарласшы el_kazajo@mail.ru

  11. Оралман Казак

    Той той жаксы нарсе, атам казак жинаган тергенин тойга буйырсын дейди. Тойдагы музыка деген ауыр такырып, былай кылсан арба сынады,былай кылсан огиз оледи дегендей, музыка катты койсан улкендерге жакпайды жай койсан жастарга жакпайды айтеуир уакыттын отуимен бир жолга тусер, мундай музыкалык тойлар тек казакстанда емес дуниенин барлык жерине жайылып биткен, кай ултка барсан осындай кылып той откизеди…..Интенеттен youtube -денде карай аласындар. Бирак менин айтайын дегеним осы Астана Алматыдагы улкен сауда орталыктарында (Мега Центр, Апорт тагылар) , тан калам ешкашан казакша олен ан айтып турганын кормедим, не агылшынша, немесе орысша, керек десен испанша, туркше, италлянша айтады, ал бирак казакша жок, сонда биз казакстанда журмизбе деп ойлайсын, сонда 50-ге 50 казакша болуы керек деген зандар буларга журмейме………

  12. о алла сабыр бере гор! Тым ерте козгалдындар гой. Абден ауыру аскынганда емдедiн не емдемедiн не. Асабаны неге кiналайсын. Сабасына карай пiспегi. асаба тапсырыс берушiге тауелдi.Рухани ангме айтып журген дарындар да бар гой. Олардын озi амалсыз солай бет бурады. Себебi аудиторияга керегi сол. Не коп сайкымазак коп. Елдiн денгейiн томендеткен солар.Кошеде ауыз екi айтып кулетiн дешобыи ангмелер сахнада спектакл боп жур. Музыкада тiптi айтарым жок,дангой елге дангаза онер. Анкау елге арамза молда. Ем конбайды. Реформа жасау мумкiн емес. Ревалюция жасау керек. Рухани ревалюция. Барлык ултым деген уландар бiрiгiндер. Айтарым коп ак. Ай бiрак тындайтын кулак жок ау…

  13. «Музыка мен ән шариғатта рұқсат етілген (халал)» деген пікірдің жақтаушылары түрлі мазхабтардың кейінгі ілесушілеріне сілтей отырып, төрт имамның барлығы музыка мен әнді халал деп санағандығын сенімді түрде айтады. Ақиқатында, бұл – осы имамдарға жабылған жала. Шейхуль-Ислам Ибн Таймия осындай сөздерді төрт имамдардың сөздері деп есептейтіндер туралы былай деп айтатын: «Бұл – төрт имамға жапсырылған өтірік, өйткені олар музыкалық аспаптардың харам екендігіне бірауыздан келіскен!» Қараңыз: «Минхаджу-Ссунна» 3/439.
    Имам Абу Саур, Абу Ханифа және оның екі шәкірті Йақуб пен Мухаммад: «Ән мен жоқтау үшін ақы төлеуге руқсат етілмейді», – деген. Олар сондай-ақ: «Музыка – нәпсіге арналған шарап», – деп те айтқан. Қараңыз: Маджму’ әл-фатауа» 10/417.
    Абу Тайиб әт-Табари былай деген: «Абу Ханифаға келер болсақ, ол ән айтуды айыптаған және оны тыңдауды күнә деп санаған!» Қараңыз: «Тальбису Иблис» 245.
    Ибн әл-Қайим былай деп жазған: «Абу Ханифаның мазхабы бұған (ән мен музыкаға) қатысты (басқалармен салыстырғанда) едәуір қатал, ал оның түсіндірмелері ең қатаң түсіндірмелер болып табылады. Оның жақтаушылары: «барлық музыкалық аспаптарды, сұрнайды, дағыраны (барабанды), тіпті таяқпен (ырғақты етіп) тоқылдатуды да тыңдауға тыйым салынған (харам)», – деп анық түрде айтқан.
    Абу Юсуф музыкалық аспаптардың дыбыстары естіліп жатқан үй туралы былай деген: «Иелерінің рұқсатынсыз оған кіре беріңдер, өйткені күнәлі істі жою міндетті болып табылады! Ал егер рұқсатсыз кіру рұқсат етілген болмағанда, адамдар өзінің міндетін (күнәлі істі жоюды) орындай алмас еді». Қараңыз: «Иғасату-лляхфән» 1/425.
    Сондай-ақ ханафи мазхабының атақты ғалымы имам ас-Сарахуси: «Әнді үйрену үшін және жоқтау үшін ақы төлеуге рұқсат етілмейді, өйткені бұл күнә болып табылады», – деген. Қараңыз: «әл-Мабсут» 16/41.
    Ханафи мазхабының басқа танымал имамы – Ибн Абидин де: «Ән айту — тыйым салынған (харам)!» – деген. Қараңыз: «Хашия Ибн Абидин» 4/322.

  14. Сәкен Алдашбаев Қызылорда қаласы

    Дұрыс мәселе, той даңғыраға айналып тұр. Онымен қоса ең бастысы әндердің еш мәні жоқ. Тост өйлеушілер де адамның жүйке жиесіне әсер етуде. Тойабалардың әзілдері де “тізесі шығып кеткен” әзілдер. Тіпті кейбіреулерінікі анайылау. Сондай-ақ құдайды ұмытып, бәсекелестікке бел алудамыз. Осымен саналы түрде күресу керек

  15. Ya senderdyki dyris byrak no aytayn onin bari ishimdikten agayn arak bolmasa bari oz ornimen otedi botelkenin ishinde tynysh turganimen sirtka shiksa ne bolatinnin ozderin de bylesinder

  16. қонақ қыз

    Онда тұрған не бар? Т ой басталғаннан аяқталғанға дейін муызка қоймайды ғой. Дастарханға дәм келгенде тоқтатады, би басталғанда, ойын ойнат қанда қажетінше қояды. Бояушы бояушы дегенге сіздер өз сақалдарыңызды бояп алмасаңыздар жарады. Тойда музыка қоймағанда не істеу керек? Әр нәрсеге обьективті қараған дұрыс болар???

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.


8 + = 12

You may use these HTML tags and attributes: <a href="" title=""> <abbr title=""> <acronym title=""> <b> <blockquote cite=""> <cite> <code> <del datetime=""> <em> <i> <q cite=""> <strike> <strong>