Home » Ұрпақ тәрбиесі » Баланың қателік жасауына “рұқсат” ету керек

Баланың қателік жасауына “рұқсат” ету керек

Ата-ана үшін ұрпағын жақсы тәрбиелеп, жетілдіруден артық парыз болмаса керек. Бұл тақырыпта бір өздерінің талыпыныстары жеткілікті емес. Балаларды жаман достардың және жаман бейнелі, жазбалы ақпарат құралдарының зияндарынан да қорғау керек. Оларға дінін, отанын құрметтейтін, ата-анаға, адамдарға құрметті, елінің мәдениетін, құндылықтарын, жетістікке жетудің жолдарын үйрететін, патриоттық сезімін ұялататын пайдалы, жақсы ақпараттармен қамтамасыз ету керек.

Баланы жалғыз жетілдіру де мүмкін емес. Жақсы ортада, жақсы адамдармен көрші болу керек. Жаман мінездерді жақсы мінездер жояды. Сол себепті өзімізді қинап болса да жақсы амалдар істеуге дағдыландыруымыз керек, бұларды әдетке айналдыруымыз керек. Бала әрекеттері және мінезі жақсы адамдармен дос болса, жақсы мінездер өздігінен оның табиғатына айналады. Сонықтан да бала тәрбиесінде мына фауторларға баса мән берген дұрыс.

Зеректік: Бала өзінің алғаш көрген нәрсесін білеуге, шұқылап көруге және сұрап үйренуге әуес болады. Сондықтан балаларға үнемі жақсы және әдемі нәрселерді көрсету керек және сұрақтарына дұрыстап жауап беру керек. Осылайша баланың зеректігі, сана-сезімі, түсіну қабілеті жетіледі. (3-6 жас аралығындағы балаларда осы нәрсеге қатты мән беру керек. Бұл кезең – баланың тілі, миы және зеректігінің қалыптасуы үшін ең маңызды кезең болып табылады.)

Рух: Өте сезімтал және өкпелегіш балаларға ащы да болса шындықты айтуды және оған төзе білуді үйрету керек. Ал тас жүрек балаларға көңілін жібітетіндей өнегелі, ғибратты мысалдар айтып, сезімтал болуына тырысу керек.

Қалау: Мықты қалауға, ерік күшіне ие болуына тырысу керек. Қалауы әлсіз балаларды біраз еркін жіберіп, өзіне деген сенімділігін арттыру керек. Қалауы күшті балалардың тәрбиесі де қаталдау болуы керек. Алайда балаға мейірімділікпен және түсіністікпен қарау шарт.

Жазалау және ынталандыру: «Мынаны жасайтын болсаң, мұны бермейміз, көшеге шығармаймыз» деген секілді кейбір жазаларды беру дұрыс болса да, қандай жағдай болмасын баланы ұруға болмайды. Жаза көңілін қалдыратындай болмауы тиіс. Ешкімнің, өзге адамдардың көз алдында да жасалмауы тиіс. Игі істеріне өз орнымен, жасына сай ойыншық немесе пайдалы нәрсе алып беру секілді сыйлықтармен марапаттап тұру керек. «Бұл нәрсені әкем маған …үшін алып берді» деп айтатындай болуы тиіс.

Ойындар: Жасына сай келетін түрлі спорттар баланың денсаулығына және сана-сезімінің дамуына ықпал етеді.

Осы факторлармен қоса балалардың қателік жасауларына “рұқсат” ету керек. Өйткені қателескен сайын тәжірибелері артады. Тәжірибе адамды жетістікке жетелейтін жол. Бала бір нәрселер істеген сайын өзінің қолынан келетін нәрселерін табады. Ал егер ата-анасы: «Байқа ұлым, сен бұны істей алмайсың! өзім істеймін», «Байқа қызым, сен бұны істей алмайсың!» деп өмірде үйренуіне мүмкіндік бермесе, мұндай балалар өмірлерінің кейінгі кезеңдерінде де басқаларға мұқтаж болуға бейімделе бастайды. Тым артық қорғаштап қараған отбасыда өскен бала өзін және өзінің қабілетін біле алмайды, өзіне сенімін жоғалтады, ешнәрсеге батылы жетпейді, қате жіберіп алам деген уайым қашанда оны мазалайды. Айналасынан бір көмекші табылып қалар мекен деген оймен алаңдай беретін болады. Шындықтармен жүздесуден қорқатын болады. Әр қадамында қобалжып, өз басымен шешім қабылдай алмайтын болады. Мұндай жағдайда өскен бала, әсіресе ұл бала өмір бойы мұның залалдарын тартуға мәжбүр болады.

Дайындаған Айман Ақеділқызы
Namys.kz

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.